Сымсыз зарядтағышты пайдалану
5
5
Қазақ тілі
2
Қолдау көрсетілетін мобильді құрылғыны телефон тірегіне қойыңыз.
•
Сымсыз зарядтау бетіне мобильді құрылғының сымсыз зарядтау катушкасы жанасқан
кезде зарядтау процесі басталады.
•
Зарядтау күйін көру үшін мобильді құрылғының экранында көрсетілген зарядтау
белгішесін тексеріңіз.
•
Жылдам сымсыз зарядтауды бастау үшін жылдам сымсыз зарядтауға қолдау
көрсететін мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышқа қойыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін мобильді құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
3
Мобильді құрылғы толықтай зарядталған кезде сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз.
Мобильді құрылғыны зарядтау кезіндегі сақтық шаралары
•
Мобильді құрылғының артқы жағы мен мобильді құрылғының қақпағының
арасына кредиттік карта немесе радио-жиілікті идентификация (RFID) картасын
(транспорттық карта немесе кілт карта сияқты) қойып, мобильді құрылғыны
сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
•
Мобильді құрылғы мен сымсыз зарядтағыш арасында металл заттар мен
магниттер сияқты өткізгіш материалдар болған кезде, мобильді құрылғыны
сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
Мобильді құрылғы дұрыс заряд алмауы немесе қатты қызып кетуі не мобильді
құрылғы мен карталар зақымдалуы мүмкін.