Кабельді шығарып алу
Қалдықты шайып шығару үшін ағын құбырын ашқанда,
суды ағын құбырынан ағызыңыз. Мұны ағын құбырының
аузының білігін түсіріп, жүйедегі вентильді қосу арқылы
не басқа әдіспен орындауға болады. Су деңгейіне мән
беріңіз, себебі ағын құбыры қайта қосылуы мүмкін.
Су ағын құбырынан аққан кезде кабельді желіден
алып тастаңыз. Су ағыны кабельді шығарып алған сәтте
тазартады. АЛҒА/КЕРІ қосқышы АЛҒА күйінде болуы керек,
қосқыш КЕРІ күйінде болғанда кабельді алмаңыз, бұл
кабельді зақымдауы мүмкін.
•
Қолмен пайдалану
– Жұдырықшаны кабельден
босату үшін қол қысқышты алға қарай тартыңыз.
Қолғап киіп, кабельді ағын құбыры саңылауына
жақын қысыңыз және кабельді барабанға қайта
шығарып алыңыз. Бұны кабельді айналдырып
не айналдырмай орындауға болады. Шығарып
алған кезде кабельді айналдыру ағын құбырын
жақсылап тазалайды және кабельді шығарып алуды
жеңілдетеді. Кабельдің 12 дюймнен (30 см) артығын
ашық қалдырмаңыз.
Шығарып алу кезінде кабельді жақсылап қысу үшін
жұдырықшаны пайдалануға болады. Кабельді
жұдырықшамен қысу үшін қол қысқышты алға қарай
жылжытыңыз. Кабель айналған кезде (ҚОСУ/ӨШІРУ
қосқышын қосып) ағын құбырын тазалау құрылғысын
ағын құбыры саңылауынан әрмен жылжытыңыз
(бірақ кабельдің 12 дюймнен (30 см) артық бөлігін
ашық қалдырмаңыз). ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын
босатыңыз. Жұдырықшаны кабельден босату үшін
қол қысқышты барабаннан жылжытыңыз. Кабельді
қолғап киген қолыңызды ағын құбыры саңылауына
жақын қысыңыз (оның ағын желісіне қайта өтпеуін
болдырмау үшін) және кабель бойымен ағын
құбырын тазалау құрылғысын барабанға енгізіңіз.
Кабельді осылайша шығарып алуды жалғастыру үшін
жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз.
•
AUTOFEED пайдалану
– Ағын құбырын тазалау
құрылғысының кабель шығысының ағын құбыры
саңылауынан 6 дюйм (15 см) аспайтынын растаңыз.
Жұдырықшаны кабельден ажырату үшін қол қысқышты
барабаннан тартыңыз. AUTOFEED пайдаланған кезде
жұдырықшаны іске қоспаңыз. Құрылғыны іске қосу үшін
ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын басыңыз. Кабельді шығарып
алу үшін беруді шығарып алу тетігін басыңыз. Айналатын
кабель ағын құбырынан өтеді.
Шығарып алу кезінде кабельге назар аударыңыз, себебі
кабель шеті бәрібір тұрып қалуы мүмкін.
Кабель шеті ағын желісінен шықпас бұрын ҚОСУ/ӨШІРУ
қосқышын босатыңыз. Кабель айналып жатқанда ағын
құбырынан кабель шетін тартпаңыз. Кабель оралып,
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Қалған кабельді ағын
құбырынан қолғап киген қолыңызбен алып, ағын құбырын
тазалау құрылғысына қайта салыңыз. Қажетінше, құралды
ауыстырып, тазартуды жоғарыда айтылған процесс
арқылы жалғастырыңыз. Тазартуды аяқтау үшін құбырдан
бірнеше рет өткізу қажет.
Құрғақ қолмен құрылғыны ажыратыңыз.
Техникалық қызмет көрсету
нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Электр тогының соғуынан, химиялық күйіктерден және
басқа себептерден жарақат алу қаупін азайту үшін ағын
құбырын тазалау құрылғысына осы рәсімдерге сәйкес
қызмет көрсетіңіз.
Техникалық қызмет көрсету алдында құрылғыны ажырату
қажет.
Қандай да бір техникалық қызмет көрсету кезінде үнемі
қауіпсіздік көзілдірігін және RIDGID ағын құбырын тазалау
қолғаптарын киіңіз.
Тазалау
Құрылғы қажетінше ыстық, сабынды сумен және/немесе
зарарсыздандырғыштармен тазалануы қажет. Судың
моторға не басқа электр компоненттеріне енуіне жол
бермеңіз. Құрылғыны қосу және пайдалану алдында
оның толығымен құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыны
сүртіп шығу үшін таза шүберекті пайдаланыңыз. Тазалау
үшін еріткіштер пайдаланбаңыз.
Кабельдер
Қалдықтар мен ағын құбырын тазалау компоненттерінің
кері әсерлеріне жол бермеу үшін әрбір пайдаланудан
кейін кабельдерді сумен барынша шаю керек. Кабельді
коррозияға ұшыратуы мүмкін қалдықтарды және
химиялық заттарды алып тастау үшін әрбір пайдаланудан
кейін құрылғыны алға аударып, барабандағы ағын құбыры
қалдықтарын кетіріңіз.
Сақтау кезінде коррозияның алдын алу үшін кабельдер
RIDGID кабельдің қоррозияға қарсы ингибиторымен
қапталуы мүмкін. Кабельдер тазартылып, құрғатылғаннан
кейін кабельдерді барабаннан шығарыңыз. Кабельді
барабанға қолмен беру кезінде кабельді шүберекпен
Кабель коррозиясына қарсы ингибиторын сүртіңіз.
Кабельдің коррозияға қарсы ингибиторын айналатын
кабельге қолданбаңыз.
Шүберк пен қолыңыз кабельге
ілінісуі мүмкін және Кабельдің коррозияға қарсы
ингибиторы айналатын кабельге ілініп қалуы мүмкін.
AUTOFEED
Ай сайын немесе қажет болған жағдайда жиірек A
UTOFEED
тетігін AUTO FEED қол қысқышынан алып тастаңыз және
тазалап майлаңыз.
K-45 ағын құбырын тазалау құрылғысы
999-998-285.09_REV. G
385
Summary of Contents for 37338
Page 18: ...999 998 285 09_REV G 16 K 45 Drain Cleaning Machine ...
Page 204: ...999 998 285 09_REV G 202 Maszyna do czyszczenia odpływów K 45 ...
Page 238: ...999 998 285 09_REV G 236 Čistička odtokov K 45 ...
Page 290: ...999 998 285 09_REV G 288 Μηχάνημα απόφραξης αποχετεύσεων K 45 ...
Page 358: ...999 998 285 09_REV G 356 Прочистная машина K 45 ...
Page 392: ...K 45 ағын құбырын тазалау құрылғысы 999 998 285 09_REV G 390 ...