Жалпы электр құралының
қауіпсіздік ескертулері*
ЕСКЕРТУ
Бұл электр құралымен берілген барлық қауіпсіздік
ескертулерін, нұсқауларын, суреттерін және сипаттамаларын
оқыңыз. Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды
орындамау электр тогының соғуына, өртке және/немесе
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ
ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ!
Ескертудегі "электр құралы" термині желілік (сымды)
электр құралын немесе батареямен жұмыс істейтін
(сымсыз) электр құралын білдіреді.
Жұмыс аумағының қауіпсіздігі
•
Жұмыс аумағын таза, әрі жарық ұстаңыз.
Ыбырсытылған
немесе қараңғы орындар жазатайым оқиғаларға әкеледі.
•
Электр құралдарын жанғыш сұйықтықтар, газдар
немесе шаң бар жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз.
Электр құралдары шаң не түтінді тұтандыруы мүмкін
ұшқындарды түзейді.
•
Электр құралын іске қосқан кезде балалар мен
жаныңыздағы
адамдарды
жақындатпаңыз.
Назарыңызды бөлу басқаруды жоғалтуыңызға әкелуі
мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
•
Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі
керек. Ашаны қандай да бір жолмен өзгертуге
болмайды. Адаптер ашаларын жерге қосылған электр
құралдарымен пайдаланбаңыз.
Түрлендірілмеген
ашалар және сәйкес келетін розеткалар электр тогының
соғу қаупін азайтады.
•
Жерге қосылған не тұйықталған беттерді, мысалы,
құбырларды, радиаторларды, тізбектерді және
тоңазытқыштарды ұстамаңыз.
Денеңіз жерге тиіп
тұрса, электр тогының соғу қаупі артады.
•
Электр құралдарын жаңбыр немес ылғал жағдайлар
әсерінде қалдырмаңыз.
Электр құралына судың енуі
электр тогының соғу қаупін арттырады.
•
Сымды теріс жолмен пайдаланбаңыз. Сымды электр
құралын тасу, тарту немесе желіден ажырату үшін
мүлдем пайдаланбаңыз. Сымды қызудан, майдан,
өткір жиектерден немесе қозғалатын бөлшектерден
алшақ ұстаңыз.
Зақымданған немесе шатысқан сымдар
электр тогының соғу қаупін арттырады.
•
Электр құралын сыртта іске қосқан кезде сыртта
пайдалануға жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Сыртта пайдалануға арналған сымды пайдалану электр
тогының соғу қаупін азайтады.
•
Электр құралын дымқыл орында пайдалануға тура
келсе, жерге қысқа тұйықталу ажыратқышымен (GFCI)
қорғалған қуат көзін пайдаланыңыз.
GFCI пайдалану
электр тогының соғу қаупін азайтады.
Бұл нышан ағын құбырын тазалау кабелінде қолыңыздың,
саусағыңыздың немесе басқа дене бөлігіңіздің қысылып,
оралып қалу немесе езілу қаупін білдіреді.
Қауіпсіздік нышандары
Бұл пайдалану нұсқаулығындағы және өнімдегі қауіпсіздік нышандары және белгі сөздер маңызды қауіпсіздік ақпаратын жеткізу үшін
пайдаланылады. Бұл бөлім осы белгі сөздер мен нышандарды жете түсіну үшін берілген.
Бұл қауіпсіздік ескертуі нышаны болып табылады. Бұл сізге ықтимал дене жарақаты қауіптері жөнінде ескерту жасау үшін пайдаланылады.
Ықтимал жарақаттың немесе өлімнің алдын алу үшін осы нышанда берілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
ҚАУІП алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелетін қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ алдын алмаған жағдайда кішігірім немесе орташа жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды
білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ мүлікті қорғауға қатысты ақпаратты білдіреді.
Бұл нышан жабдықты пайдаланбас бұрын пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығуды білдіреді. Пайдалану
нұсқаулығында жабдықты қауіпсіз және тиісті түрде пайдалану
туралы маңызды ақпарат бар.
Бұл таңба көздің жарақаттану қаупін азайту үшін осы жабдықты
пайдаланғанда, үнемі бүйір қалқалары бар көзәйнекті не
көзілдірікті кию керектігін білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұл таңба электр тогының соғу қаупін көрсетеді.
* Осы нұсқаулықтың Жалпы электр құралы қауіпсіздігінің ескертулері бөліміндегі мәтін талап етілгендей қолданылатын UL/CSA 62841 стандартынан дәлме-дәл
алынған. Бұл бөлімде электр құралдарының көптеген түрлеріне арналған жалпы қауіпсіздік әдістері бар. Әрбір сақтық шара әр құралға қолданыла бермейді және
кейбіреуі осы құралға қолданылмайды.
K-45 ағын құбырын тазалау құрылғысы
999-998-285.09_REV. G
375
Summary of Contents for 37338
Page 18: ...999 998 285 09_REV G 16 K 45 Drain Cleaning Machine ...
Page 204: ...999 998 285 09_REV G 202 Maszyna do czyszczenia odpływów K 45 ...
Page 238: ...999 998 285 09_REV G 236 Čistička odtokov K 45 ...
Page 290: ...999 998 285 09_REV G 288 Μηχάνημα απόφραξης αποχετεύσεων K 45 ...
Page 358: ...999 998 285 09_REV G 356 Прочистная машина K 45 ...
Page 392: ...K 45 ағын құбырын тазалау құрылғысы 999 998 285 09_REV G 390 ...