Тарақсыз шеттерді тегістеу
Құрылғыны шашыңызды теріңізге жақын етіп кесу үшін (0,5 мм) немесе
желке желісі мен құлақ айналасындағы шашты кесу үшін қосымша
тарақсыз да қолдансаңыз болады.
Тарақсыз қиғанда абай болыңыз. Кесетін элемент тиген шаштың
бәрін кесіп отырады.
1
Тарақты құралдан суырып алыңыз.
2
Құлақтың айналасындағы шашты тегістемес бұрын, құлақтың
үстіндегі шашты тарап алыңыз.
3
Құралды қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
4
Құлақ айналасын тегістеп, пішін берген кезде, құралды кесетін
элементтің бір жиегі ғана шаштың ұшына тиіп тұратындай етіп
ұстаңыз.
Шаштың ұштарын ғана кесіңіз. Шаштың ұштары құлаққа жақын болуы тиіс.
5
Желке мен жақ сақалды тегістеу үшін, құралды төңкеріп, төмен
бағытталған қозғалыстар жасаңыз.
Құралды баяу және ақырын қозғалтыңыз. Шаштың табиғи өсу жолдары
бойынша жүргізіңіз.
Тазалау
Құралды қолданған сайын щеткамен және жылы сумен (ең жоғары
40°C) тазалаңыз.
Құралды тазалау үшін еш уақытта тығыздалған ауа, қыратын шүберек,
қырғыш тазалау агенттерін немесе бензин, ацетон, эфир майлары
сияқты сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Ескертпе Бұл құралды майлаудың қажеті жоқ.
1
Құрылғыны өшіріп, ток көзінен ажыратыңыз.
2
Тарақты құрылғыдан алып, тазалағыш щеткамен тазалаңыз.
3
Қыратын бөліктің ішін щеткамен тазалаңыз.
4
Кесетін элементтің ортаңғы жоғарғы жағын үлкен саусақпен
жоғары қарай итеріп, ашыңыз.
ҚазаҚша
32