30
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін, өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Кесетін элемент
2 Қосу/өшіру түймесі
3 Бейімдеу сақинасы
4 Тұтқа
5 Зарядтау шамы
6 Құралдың штепсельдік ұшы жалғанатын ұя
7 Кішкене тарақ
8 Үлкен тарақ
9 Шаштараз тарағы (тек QC5390/80 үлгісінде)
10 Қайшы (тек QC5390/80 үлгісінде)
11 Адаптер
12 Құралдың штепсельдік ұшы
13 Дорба (тек QC5390/80 үлгісінде)
14 Щетка
Пайдалануға дайындау
Ескертпе Батарея бос болғанда құралды тікелей ток көзінен қолдануға
да болады.
Зарядтау
Құралды алғаш қолданар алдында және ұзақ уақыт пайдаланбағаннан
кейін, кемінде 1 сағат бойы зарядтаңыз.
Құрал толығымен зарядталғанда ол қуат сымынсыз 60 минутқа дейін
жұмыс істей алады.
Батарея заряды азайғанда зарядтау жарығы қызғылт сары болып жанады
(яғни, 10 минуттай жұмыс істейді). Құралды қайта зарядтауыңыз қажет.
1
Құралдың өшірілгенін тексеріңіз.
2
Штепсельдік ұшын құралдың ұясына жалғап, адаптерді
қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
,
Құралдың зарядталып жатқандығын білдіріп, зарядтау
жарығы жасыл түсті болып жыпылықтай бастайды.
,
Батареялар толығымен зарядталғанда, зарядтау шамы жасыл
түспен тұрақты жанып тұрады. Шамамен 30 минут өткен соң,
қуатты үнемдеу үшін зарядтау шамы сөнеді.
ҚазаҚша