-
Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Зарядтау
Құралды 24 сағаттан артық зарядтауға болмайды.
Зарядтауға шамамен 8 сағат қажет.
Толық зарядталғаннан кейін құрылғыны 60 минут қолдануға болады.
1
Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
2
Құралдың штепсельдік ұшын тікелей құралға жалғаңыз.
3
Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
,
Жасыл CHARGE жарығы жыпылықтап, құрылғының зарядталып
жатқанын білдіреді.
,
Батареялар толығымен зарядталғанда жасыл CHARGE жарығы
үздіксіз жанады. 30 минуттан кейін CHARGE жарығы қуатты
үнемдеу үшін өшеді.
Қайта зарядталатын батареялардың жұмыс мерзімін
арттыру
Құралды тоқтаусыз жұмыс істету арқылы қайта зарядталатын
батареялардың зарядын жылына екі рет толық бітіріңіз. Одан кейін,
батареяларды қайта зарядтаңыз.
Ток көзіне қосылған құралмен қию
Батарея заряды аз болғанда, құралды розеткаға жалғап да қолдануға
болады.
Қайта зарядталатын батареялардың заряды азайғанда, құралды ток
көзіне жалғап қолданыңыз.
1
Құрылғыны өшіріңіз.
2
Құралды ток көзіне жалғап, іске қосар алдында бірнеше секунд
күтіңіз.
Қайта зарядталатын батареялар толығымен отырса, құралды қосар
алдында бірнеше минут күтіңіз.
Құрылғыны пайдалану
Ескертпе. Шаш таза және құрғақ болу керек. Құралды жаңа жуылған
шашқа қолданбаңыз.
ҚАЗАҚША
62