61
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өніміңізді
www.philips.com/welcome
веб-бетінде тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Сөмке (тек QC5132)
2 Шашты қысқарту тарағы (REGULAR)
3 Ұзындық параметрін таңдау түймесі
4 Кесетін элемент
5 Қосу/өшіру сырғытпасы
6 «ЗАРЯД» шамы
7 Құралдың штепсельдік ұшы жалғанатын ұя
8 Құралдың штепсельдік ұшы
9 Адаптер
10 Щетка
11 Шашты жұқарту тарағы (THINNING) (тек QC5132)
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Құралды және адаптерді құрғақ күйде сақтаңыз.
Абайлаңыз!
-
Құралды қоспас бұрын, құралдың артында көрсетілген кернеу
жергілікті кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Қолданбас бұрын, құралды әрдайым тексеріңіз. Зақымданған болса,
оны қолданбаңыз. Жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
Ескерту
-
Құралды зарядтау үшін, тек қосымша берілген адаптерді ғана
қолданыңыз.
-
Құралды тек 15°C және 35°C арасындағы температурада ғана
қолдануға, зарядтауға және сақтауға болады.
-
Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
-
Қолданылатын ортада температура, қысым немесе ылғалдылық
қатты өзгерсе, құралды пайдаланбас бұрын оның қоршаған орта
жағдайларына бейімделуіне 30 минут беріңіз.
-
Қию элементі, шашты қысқарту тарағы (REGULAR) немесе шашты
жұқарту тарағы (THINNING) зақымданған не болмаса сынған болса,
құрылғыны қолданбаңыз. Ол денені жарақаттауы мүмкін.
ҚАЗАҚША