Бұл жабдықты дұрыс əрі қауіпсіз пайдалану үшін пайдалану алдында осы пайдалану бойынша нұсқаулық құжатын
міндетті түрде оқыңыз.
KK-2
KK
Пайдаланушы жабдықты орнатпауы, қайта орналастырмауы,
бөлшектемеуі, өзгертпеуі немесе жөндемеуі керек.
• Ауа салқындатқышын дұрыс қолданбау өртке, ток соғуға, жарақаттануға
немесе су ағуға, т.б. жағдайларға əкелуі мүмкін. Дилермен кеңесіңіз.
• Егер қуат сымы зақымдалса, қауіптің алдын алу мақсатында,
өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті оны ауыстыруы керек.
Жабдықты орнатқанда, қайта орналастырғанда немесе қызмет
көрсеткенде, хладагент контурына көрсетілген хладагенттен (R32)
басқа ешқандай заттектің кірмейтінін тексеріңіз.
• Ауа сияқты қандай да бір бөгде заттектің болуы қалыпты емес
қысымның артуына жəне жарылыс пен жарақаттануға əкелуі мүмкін.
• Жүйе үшін көрсетілгеннен басқа қандай да бір хладагентті
пайдалану механикалық ақаулыққа, жүйе ақаулығына немесе
жабдықтың бұзылып қалуына əкеледі. Ең болмағанда, ол өнімнің
қауіпсіздігіне елеулі шамада қатер төндіруі мүмкін.
Егер қауіпсіздікке жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе одан
құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқау алмаған болса, бұл құрылғы физикалық,
сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар (балаларды қоса) тарапынан пайдаланылуға арналмаған.
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
Ауаның кіріс немесе шығыс саңылауына саусағыңызды, таяқ
немесе басқа заттарды тықпаңыз.
• Жұмыс барысында ішіндегі желдеткіш жоғары жылдамдықта
айналатындықтан, ол жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Егер қалыпты емес жағдай (мысалы, күйік иісі) болса, ауа салқындатқышты
өшіріп, қуат ашасын ажыратыңыз немесе ажыратқышты ӨШІРІҢІЗ.
• Қалыпты емес жағдайда жұмысты жалғастыру ақаулыққа, өртке
немесе ток соғуға əкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда дилермен кеңесіңіз.
Ауа салқындатқыш салқындатпағанда немесе жылытпағанда,
хладагенттің ағып кету ықтималдылығы бар. Егер хладагенттің
ағып кетуі анықталса, жұмысты тоқтатып, бөлмені жақсылап
желдетіп, дереу дилерге хабарласыңыз. Егер жөндеу үшін
жабдықтың хладагентін толтыру керек болса, мəліметтерді
қызмет көрсету маманынан сұраңыз.
• Ауа салқындатқышта пайдаланылатын хладагент қауіпті емес. Қалыпты
күйде, ол ақпайды. Дегенмен, хладагент ағып, отқа немесе желдеткіш
қыздырғышы, керосинді қыздырғыш немесе асханалық пеш сияқты қызып
тұрған бөлшекке тисе, одан зиянды газ шығып, өртену қаупіне əкеледі.
Пайдаланушы ешқашан ішкі жабдықтың ішін жумауы қажет. Егер
жабдықтың ішін тазалау қажет болса, дилерге хабарласыңыз.
• Үйлесімді емес жуу құралы жабдықтың ішіндегі пластик материалын
зақымдап, судың ағуына əкелуі мүмкін. Жуу құралы электрлік бөлшектерге
немесе моторға тисе, ақаулыққа, түтінденуге немесе өртке əкелуі мүмкін.
• Құрылғы тұрақты түрде жанып тұратын көздер (мысалы: ашық
жалын, газ құрылғысы немесе электр жылытқышы) жоқ бөлмеде
сақталуы керек.
• Хладагенттің иісі болмауы керек екенін ескеріңіз.
• Мұзды еріту процесін тездету немесе құрылғыны тазалау үшін
өндіруші ұсынғаннан басқа құралды пайдаланбаңыз.
• Теспеңіз немесе күйдірмеңіз.
Ішкі жабдық көрсетілген бөлме кеңістігінен асатын бөлмелерде
орнатылуы керек. Дилермен кеңесіңіз.
Бұл құрылғы дүкендерде, жеңіл өнеркəсіпте жəне фермаларда тəжірибелі
немесе біліктілігі бар пайдаланушылардың немесе коммерциялық
мақсатта кəсіби емес пайдаланушылардың пайдалануына арналған.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
Ішкі/сыртқы жабдықтың ауа кірісін немесе алюминий
қалақшаларын ұстамаңыз.
• Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Жабдықта жəндіктерге қарсы құралдарды немесе тұтанғыш
спрейлерді пайдаланбаңыз.
• Бұл өртке немесе жабдықтың деформациясына əкелуі мүмкін.
Үй жануарларына немесе үй өсімдіктеріне ауа ағынын тікелей
бағыттамаңыз.
• Бұл үй жануарларын немесе өсімдіктерді жарақаттауы мүмкін.
Ішкі/сыртқы құрылғының астына басқа электрлік құрылғыларды
немесе жиһаз қоймаңыз.
• Жабдықтан су ағып, зақымдалуға немесе ақаулыққа əкелуі мүмкін.
Жабдықты зақымдалған орнату тұғырында қалдырмаңыз.
• Жабдық құлап кетіп, жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Жабдықты пайдалану немесе тазалау үшін тұрақсыз орындықты
пайдаланбаңыз.
• Егер құлап кетсеңіз, жарақаттануыңыз мүмкін.
Қуат сымын тартпаңыз.
• Бұл электродтық сымның бір бөлігін үзіп, қызып кетуге немесе өртке
əкелуі мүмкін.
Қ
АУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Батареяларды зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз жəне оларды
отқа тастамаңыз.
• Бұл батареялардың ағуына немесе өртке не жарылысқа əкелуі мүмкін.
Жабдықты жоғары ылғалдылықта (салыстырмалы ылғалдылығы
80% немесе одан жоғары) жəне/немесе терезелері не шығатын есігі
ашық қалдырылған жерлерде 4 сағаттан артық пайдаланбаңыз.
• Бұл ауа салқындатқыштың ішінде су конденсациясын тудырып, ол
тамуы,жиһазды ылғалдауы немесе зақымдауы мүмкін.
• Ауа салқындатқыштағы су конденсациясы зеңнің көбеюіне əкелуі
мүмкін.
Жабдықты азық-түліктерді сақтау, жануарларды бағу, өсімдіктерді
өсіру немесе өлшем құрылғыларын не өнер туындыларын сақтау
сияқты арнайы мақсаттарға пайдаланбаңыз.
• Бұл сапаның төмендеуіне немесе жануарлар мен өсімдіктерге зиян
келтіруі мүмкін.
Жағу құрылғыларына ауа ағынын тікелей бағыттамаңыз.
• Бұл жағуға кедергі келтіруі мүмкін.
Байқаусыз жұтып қоймау үшін ешқашан ешбір себеппен
батареяларды аузыңызға салмаңыз.
• Батареяны жұту тұншығуға жəне/немесе улануға əкелуі мүмкін.
Жабдықты тазалау алдында оны ӨШІРІП, қуат ашасын
ажыратыңыз немесе ажыратқышты ӨШІРІҢІЗ.
• Жұмыс барысында ішіндегі желдеткіш жоғары жылдамдықта
айналатындықтан, ол жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Жабдық ұзақ уақыт пайдаланылмайтын кезде қуат ашасын
ажыратыңыз немесе ажыратқышты ӨШІРІҢІЗ.
• Жабдықта кір жиналып, қызып кетуге немесе өртке əкелуі мүмкін.
Қашықтан басқару пультінің барлық батареяларын дəл сондай
түрдегі жаңа батареялармен ауыстырыңыз.
• Ескі батареяны жаңасымен бірге пайдалану қызып кетуге, ағып
кетуге немесе жарылысқа əкелуі мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы теріңізге немесе киімдеріңізге тисе,
оларды таза сумен əбден жуыңыз.
• Егер батарея сұйықтығы көзіңізге тисе, оны таза сумен əбден жуып,
дереу дəрігерге көрініңіз.
Жабдық жағу құрылғысымен бірге пайдаланылғанда, аймақтың
жақсы желдетілетінін тексеріңіз.
• Жеткіліксіз желдету оттектің жетіспеушілігіне əкелуі мүмкін.
Күннің күркірегенін естігенде, ажыратқышты ӨШІРІҢІЗ, себебі
найзағай түсуі мүмкін.
• Егер найзағай түссе, жабдық зақымдалып қалуы мүмкін.
Ауа салқындатқыш бірнеше маусым пайдаланылғаннан кейін
қалыпты тазалау жұмыстарына қосымша түрде тексеріс жəне
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаңыз.
• Жабдықтағы кір немесе шаң жағымсыз иіс шығарып, зеңнің пайда
болуына немесе ағызу арнасының бітелуіне жəне ішкі жабдықтан
судың ағуына əкелуі мүмкін. Арнайы білім мен біліктілікті қажет
ететін тексеріс пен техникалық қызмет көрсету жұмыстары бойынша
дилерге хабарласыңыз.
Қосқыштарды су қолмен ұстамаңыз.
• Бұл ток соғуға əкелуі мүмкін.
Ауа салқындатқышты сумен тазаламаңыз немесе оның үстіне гүл
сауыты сияқты ішінде су бар затты қоймаңыз.
• Бұл өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Сыртқы жабдықты аяқпен баспаңыз немесе оған ешқандай зат
қоймаңыз.
• Егер сіз құласаңыз немесе бір зат құлап кетсе, жарақаттануға əкелуі
мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
Лас сүзгілер ауа салқындатқышта судың конденсациясына себепші болып, зеңнің
көбеюіне əкеледі. Сондықтан ауа сүзгілерін əр 2 аптада тазалап тұру ұсынылады.
Жұмысты бастау алдында, көлденең қалақшалардың жабық күйде екенін
тексеріңіз. Егер жабдықты көлденең қалақшалар ашық күйде болғанда іске
қоссаңыз, олар дұрыс күйге оралмай қалуы мүмкін.
JG79Y567H02_03Kk.indd 2
2019/8/22 9:17:23