KK-15
KK
Орнату орны
Ауа салқындатқышты келесі орындарға орнатпаңыз.
• Машина майы көп жер.
• Жағажай сияқты тұзды жерлер.
• Ыстық бұлақ, ағын сулар, қалдық су сияқты сульфидтік газ түзілетін
жерлер.
• Май шашырайтын немесе май түтіні толған жерлер (мысалы, пластиктің
қасиеті өзгеріп, зақымдалуы мүмкін болған тамақ дайындайтын жерлер
мен фабрикалар).
• Жиілігі жоғары немесе сымсыз жабдық орналасқан жер.
• Сыртқы жабдықтың ауа шығысынан шығатын ауа бітелген жер.
• Сыртқы жабдықтың жұмыс істеу дыбысы немесе одан шығатын ауа
көршілерге кедергі келтіретін жер.
• Ішкі жабдықты 1,8–2,3 м биіктікте монтаждау ұсынылады. Егер ол мүмкін
болмаса, дилерге хабарласыңыз.
• Ішкі жабдық көрсетілген бөлме кеңістігінен асатын бөлмелерде орнатылуы
керек. Дилермен кеңесіңіз.
• Ауа салқындатқышты бөлме ішін əрлеу жəне жөндеу жұмыстары кезінде
немесе еденге балауыз жағып жатқан кезде пайдаланбаңыз. Осындай
жұмыстар орындалғаннан кейін ауа салқындатқышты пайдалану алдында
бөлмені желдетіңіз. Өзге жағдайда, ауа салқындатқыштың ішіне ұшпа
элементтер жабысып қалып, судың ағуына немесе шықтың пайда болуына
əкелуі мүмкін.
• Wi-Fi интерфейсін медициналық электрлік жабдықтың немесе
жүрекширатқышы немесе имплантталатын кардиовертер-дефибриллятор
сияқты медициналық құрылғысы бар адамдардың қасында пайдаланбаңыз.
Бұл медициналық жабдықтың немесе құрылғының ақаулануы себебінен
қайғылы жағдайға əкелуі мүмкін.
• Бұл жабдық құрылғы мен пайдаланушы немесе бөгде адамдардың
арасында кемінде 20 см аралықта орнатылуы жəне пайдаланылуы керек.
• Wi-Fi интерфейсін басқа сымсыз құрылғылардың, қысқа толқынды
пештердің, сымсыз телефондардың немесе факс құрылғыларының
қасында пайдаланбаңыз.
Бұл ақаулықтарға əкелуі мүмкін.
Электрлік жұмыс
• Ауа салқындатқышқа жеке қуат көзін қамтамасыз етіңіз.
• Ажыратқыштың сыйымдылығын сақтаңыз.
Қандай да бір сұрақтар болса, дилерге хабарласыңыз.
О
РНАТЫЛАТЫН ОРЫН
ЖƏНЕ ЭЛЕКТРЛІК ЖҰМЫС
А
ҚАУ ПАЙДА БОЛДЫ ДЕП
ОЙЛАСАҢЫЗ
1
COOL режимін орнатылған ең жоғарғы
температурада немесе FAN режимінде 3–4 сағат
пайдаланыңыз.
6-бет
• Бұл жабдықтың ішін құрғатады.
• Ауа салқындатқыштағы ылғал зеңнің көбеюіне себеп болады.
2
Жұмысты тоқтату үшін
түймесін басыңыз.
3
Ажыратқышты өшіріңіз жəне/немесе қуат ашасын
ажыратыңыз.
4
Қашықтан басқару пультінен барлық батареяны
алыңыз.
Ауа салқындатқышты қайта
пайдаланғанда:
1
Ауа сүзгісін тазалаңыз.
12-бет
2
Ішкі жəне сыртқы жабдықтардың ауа кірісі мен
шығысы бітелмегенін тексеріңіз.
3
Жерге тұйықтау дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
4
«ЖҰМЫС АЛДЫНДА ДАЙЫНДАУ» бөлімін қарап,
нұсқауларды орындаңыз.
5-бет
А
УА САЛҚЫНДАТҚЫШ ҰЗАҚ УАҚЫТ
ПАЙДАЛАНЫЛМАЙТЫН КЕЗДЕ
Флуоресценттік шамның
əсерлерін болдырмау
үшін, бір-бірінен
барынша алыс ұстаңыз.
қабырға,
т.б.
Инвертер түріндегі
флуоресценттік шам
Суреттің
немесе шудың
бұрмалануын
болдырмау үшін
орын қалдырыңыз.
1 м
немесе
одан көп
Радио
100 мм
немесе одан
көп
ТД
Сымсыз
телефон немесе
портативті
телефон
3 м немесе одан көп
1 м немесе
одан көп
Сыртқы жабдық орнатылатын орын
теледидарлардың, радиолардың, т.б.
құрылғылардың антенналарынан кемінде 3 м
алыс болуы керек. Сигнал қабылдауы нашар
аймақтарда, ауа салқындатқыштың жұмысы радио
немесе теледидар сигналының қабылдауына
кедергі келтірсе, сыртқы жабдық пен тиісті
құрылғының арасындағы аралықты арттырыңыз.
(AP60/AP71)
200/500 мм немесе одан көп
Оңтайлы тиімділік
үшін жəне пайдалану
мерзімін ұзарту
үшін сыртқы жабдық
жақсы желдетілетін
əрі құрғақ жерде
сақталуы керек.
Келесі жағдайларда, ауа салқындатқышты пайдалануды тоқтатып,
дилерге хабарласыңыз.
• Ішкі жабдықтан су аққанда немесе тамшылағанда.
• Жұмыс индикаторының шамы жыпылықтағанда.
• Ажыратқыш жиі іске қосылғанда.
• Электрондық ҚОСУ/ӨШІРУ түріндегі флуоресценттік шам (инвертер
түріндегі флуоресценттік шам, т.б.) пайдаланылатын бөлмеде қашықтан
басқару пультінің сигналы қабылданбайды.
• Ауа салқындатқыштың жұмысы радио немесе теледидар қабылдауына
кедергі келтіреді. Кедергі келтірілген құрылғыға күшейткіш қажет болуы
мүмкін.
• Қалыпты емес дыбыс шыққанда.
• Хладагенттің ағуы анықталғанда.
JG79Y567H02_03Kk.indd 15
2019/8/22 9:17:28