
- 144 -
KZ
Ақау
Ықтимал
себебі
Шешімі
Функцияны
таңдағаннан
кейін
құрылғы
күту
режимінде
қалады
және жұмыс
істемейді.
Дыбыстық
сигнал
естіледі.
Ас әзірлеу
панелінің
үстінде ыдыс
жоқ немесе
жарамсыз
ыдыс
қойылған.
Әзірлеу
панеліне
жарамды
ыдысты
қойыңыз.
E00 қате
коды
Ток 15 А-ден
асады.
15 А-ден
төмен токты
пайдаланыңыз.
E01 қате
коды
Кернеу 143
В-тан төмен.
143 В-тан
жоғары
кернеуді
пайдаланыңыз.
E02 қате
коды
Кернеу 275
В-тан асады.
275 В-тан
төмен кернеуді
пайдаланыңыз.
E03/E06
қате коды
Шыны
керамикалық
температура
датчигі (NTC)
зақымдалған.
Жөндеу үшін
өкілетті қызмет
көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
E05 қате
коды
«Қуат
деңгейлерімен
пісіру»
функциясында
әзірлеу
температурасы
150 °C-тан
асады.
Құрылғыны
өшіріп,
розеткадан
ажыратыңыз,
оны толығымен
суытыңыз.
Оны розеткаға
қайта қосыңыз
да, қайта іске
қосыңыз. 150
°C-тан жоғары
температурада
ас әзірлеу үшін
«Температура
бойынша
әзірлеу»
функциясын
пайдаланыңыз.
E07 қате
коды
«Температура
бойынша
әзірлеу»
функциясында
ас әзірлеу
температурасы
240 °C-тан
асады.
Құрылғыны
өшіріп,
розеткадан
ажыратыңыз,
оны толығымен
суытыңыз.
Оны розеткаға
қайта қосыңыз
да, қайта іске
қосыңыз.
• Құрылғыны болат жөкемен, күшті
химиялық заттармен, сілтілі, түрпілі немесе
зарарсыздандырғыш заттармен тазалауға
болмайды, себебі олар беткі қабатын
зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыны тазалау мақсатында оны суға
немесе басқа сұйықтыққа салуға болмайды.
Құрылғыны тазалаған кезде, ішіне су
кіріп кетпесін. Құрылғыны су ағынымен
тазаламаңыз.
• Әр пайдаланудан кейін корпусты, басқару
тақтасын және ас әзірлеу панелін жұмсақ
дымқыл шүберекпен және, қажет болса,
азғантай сұйық жуғыш затпен тазалаңыз.
Құрғақ әрі жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Пісіп қалған қалдықты индукциялық
плиталарға жарайтын шыны қырғышпен ас
әзірлеу панелінен кетіріңіз.
• Егер құрылғыны үнемі пайдалансаңыз, май
сүзгісін кемінде аптасына бір рет тазалаңыз.
Егер құрылғы сирек пайдаланылса, әр
пайдаланудан кейін май сүзгісін тазалаңыз.
Май сүзгісін құралдың астынан алыңыз да,
жұмсақ дымқыл шүберекпен және қажет
болған жағдайда аздаған сұйық жуғыш затпен
тазалаңыз. Құрғақ әрі жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз. Құрылғыға тек толығымен құрғақ май
сүзгісін салыңыз.
• Егер май сүзгісін ауыстыру қажет болса,
түпнұсқалық қосалқы бөлшекті алу үшін
дилерге хабарласыңыз.
• Құрылғы әбден құрғағаннан кейін ғана оны
іске пайдалануға болады.
Сақтау
• Сақтауға қоярдан бұрын құрылғының таза
әрі түгелдей құрғақ және суыған екеніне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны салқын, құрғақ, ылғалдан
қорғалған және балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтау керек.
• Құрылғыны өзінің фирмалық орауышында
сақтаған дұрыс.
5. Ақаулықты анықтау
ЕСКЕРТУ!
• Құрылғы бұзылған немесе дұрыс істемеген
жағдайда, оны дереу қуат көзінен суырыңыз.
• Тек осы нұсқаулық кітапшада суреттелген
қадамдарды ғана орындаңыз. Одан басқа
барлық тексерістерді, қызмет көрсету мен
жөндеу жұмыстарын уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе тиісті біліктілігі бар маман
атқаруға тиіс.
• Қосалқы бөлшектері қажет болған жағдайда,
оларды уәкілетті сатушыдан алыңыз. Өндіруші
тарапынан ұсынылмаған қосалқы бөлшектерді
пайдалануға болмайды!