17
ҚазаҚша
•
Балаларға прибормен ойыншық ретінде
ойнауына рұқсат етпеңіз және жұмыс істеп
тұрған кезде балалардың корпусты және
желілік шнурды ұстауына жол бермеңіз.
•
Бұл құрылғы 8 жастан төменгі балалардың
пайдалануына арналмаған.
•
8 жастан үлкен балалар және мүмкіншілігі
шектеулі жандар өздерінің қауіпсіздіктеріне
жауапты адамдардың қадағалауымен ғана
және оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы және оны дұрыс пайдаланбаған
жағдайда орын алуы мүмкін қауіпті
жағдайлар туралы тиісті және түсінікті
нұсқаулар берілген жағдайда құрылғыны
пайдалана алады.
•
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен
ойнауға рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі!
•
Құрылғы толығымен суығаннан кейін ғана
қондырмаларды орнатуға және шешуге
болады.
•
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан
кезде, ешқашан желілік шнурдан тартпаңыз,
оны желі ашасынан ұстаңыз да, электр
розеткасынан абайлап суырып алыңыз.
•
Құрылғыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны балалар және мүмкіндігі
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
•
Құрылғыны
төмен
температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан
кейін, оны кемінде үш сағат бойы бөлме
температурасында ұстау керек.
•
Кез келген қиындық туындаған жағдайда
құрылғыны розеткадан ажыратып, кепілдік
талонында және www.maxwell-products.
ru сайтында көрсетілген байланыс мекен-
жайлары бойынша кез келген келісілген
(өкілетті) қызмет көрсету орталықтарына
жүгінуге болады.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ аРНаЛУЫ
Құрылғыны кез-келген киім және мата түрлеріне
пайдалануға болады. Егер сізде құрылғыны
қандай да бір матаға пайдалануға болатынына
күмән болса, өндіруші белгілеулерін басшылыққа
алыңыз.
Егер мұндай ақпарат болмаса, құрылғы
көмегімен матаны тыс жағынан булап көріңіз.
Жібек немесе ши барқыт сияқты маталарды
тазалау кезінде, шашыратқышты (1) бұйымнан
алшақ ұстап матаны бумен өңдеңіз.
Қажетсіз қылдар мен жіптерді жою үшін
қондырма-қылшақты (9) пайдаланыңыз.
аЛҒаш ПаЙДаЛаНаР аЛДЫНДа
•
Құрылғы орамасын шешіп алыңыз, құрылғы
жұмысына кедергі келтіретін, кез келген
жапсырмаларды алып тастаңыз, бүріккіштің
(1) жұмыс бетіндегі қорғаныс пленкасын
алып тастаңыз. Құрлығыны түзу, тұрақты
бетке орнатыңыз.
Ескерту:
Төмен
температура
жағдайында тасымалдау немесе сақтау
кезінде пайдалану алдында оны бөлме
температурасында екі сағаттан кем емес
уақыт ұстау керек.
•
Шығыс саңылау қуыстарымен бірге
бекіткішке (4) кертіктерді сыйыстыра
отырып, корпустың (3) шығыс саңылауына бу
шлангісіін (2) орнатыңыз және сағат бағыты
бойынша бекіткішті бұрыңыз.
БУЛаҒЫшТЫ ПаЙДаЛаНУ
•
Буландырғыш жұмыс істеуі үшін сауытқа (5)
су толтыру керек.
•
Суға арналған сауытқа (5) құятын саңылаудан
(6) су құйыңыз.
•
Сауытындағы (5) судың деңгейі «MIN»
минималды белгісінен төмен және «MAX»
максималды белгіден жоғары болмауын
қадағалаңыз.
•
Саптама-қылшақты (9) (сур. 1) немесе
киімге арналған қысқышты (10) (сур. 2)
шашыратқышқа (1) орнатыңыз.
сур. 1
сур. 2
MW-3715.indd 17
23.09.2015 17:29:21