17
ҚазаҚша
кермек болса, онда оны тазартылған сумен 1:1
арақатынасы бойынша араластырыңыз, су өте
кермек болған кезде оны тазартылған сумен
1:2 арақатынасы бойынша араластырыңыз
немесе тек тазартылған суды пайдаланыңыз.
Булағышты пайдалану
–
Саптама-қылшақты
(5)
булағышқа
орнатыңыз (сур. 1).
Назар аударыңыз!
–
резервуарда (4) су болмаған кезде
булағышты электр желісіне қосуға
тыйым салынады.
–
Саптама-қылшақты (5) орнатар неме-
се шешер алдында булағышты электр
желісінен ажыратып, толығымен
суығанын күтіңіз.
–
Саптама-қылшақты (5) шешу үшін
саптама-қылшақтың (5) бекіткішін
тартыңыз (сур. 2).
–
Су құю саңылауының қақпағын (3) ашыңыз,
резервуарға (4) су толтырыңыз (сур. 3)
және қақпақты (3) тығыздап жабыңыз.
Назар аударыңыз!
–
Резервуарға (4) су құймас бұрын
құрылғының электр желісінен ажыра-
тылып тұрғанын тексеріп алыңыз
.
–
Булағыш корпусына, желілік шнурға
немесе желілік шнур ашасына су
тамшысының тиюіне жол бермеңіз.
–
Резервуарға (4)суды «мах» белгісінен
асырмай құйыңыз.
–
Су құятын резервуарға (4) газдалған
суды, парфюмерлік қоспаларды, сірке
суын, химиялық заттарды және т.с.с.
құюға тыйым салынған.
–
Егер жұмыс кезінде суды үстемелеп құю
қажет болса, онда булағышты ажыра-
ту керек, ол үшін желілік шнур ашасын
электр розеткасынан суырыңыз, және
құрылғының суығанын күтіңіз.
–
Киімді ілгішке іліңіз.
Ескертпе:
- Ешқашан адамға киюлі тұрған
киімді буламаңыз, себебі, шығатын будың
температурасы жоғары, ол үшін тек
ілгіштерді пайдаланыңыз.
–
Желілік шнур ашасын электрлік розеткаға
сұғыңыз, бұл кезде көрсеткіш жанады (6).
–
Құрылғы пайдалануға дайын болған кезде
көрсеткіш (6) сөнеді.
–
Булағышты қолға алып, бу шығару
түймесінің (2) деңгейінде ұстаңыз.
–
Бу беру үшін түймені (2) басып, ұстап
тұрыңыз.
–
Бу жіберуді тоқтату үшін түймені (2)
босатыңыз.
–
Булағышты матаның бойымен төменнен
жоғары қарай баппен жүргізіңіз. Матаны бос
қолыңызбен жазыңыз.
Ескертпе:
–
Булағышты тігінен ұстаңыз және оны
аудармаңыз (сур. 4).
–
Булағыштың жұмысы кезінде корпустың
жоғарғы жағы қатты қызады, абай
болыңыз және корпустың ыстық бөліктерін
ұстамаңыз!
–
Булағаннан кейін киім салқындауы және
кебуі тиіс, бұл үшін біраз уақыт қажет болуы
мүмкін.
–
Жұмыс аяқталған соң желілік шнур аша-
сын электр розеткасынан ажыратыңыз да
булағышты суытып қойыңыз.
–
Құятын тесіктің қақпағын (3) ашыңыз және
резервуардан (4) судың қалдығын төгіп
тастаңыз (сур. 5).
Ескертпе:
- Булағыштың үздіксіз жұмыс
ұзақтығы 15- 20 минуттан аспайды.
Тазалау және күтім
–
Желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырып, булағыштың суығанын күтіңіз, одан
кейін резервуардан судың қалдығын төгіп
тастаңыз (сур. 5).
–
Булағыш корпусын және бу шығатын
саңылау бетін (1) сәл ылғал матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
–
Бу шығатын саңылау (1) бетіндегі
шөгінділерді су-сірке суы ерітіндісіне
малынған матамен кетіруге болады.
–
Саптама-қылшақты (5) су ағынының астын-
да жуыңыз, ол үшін оны булағыштан шешіп
алу керек.
–
Булағышты тазалау үшін еріткіштерді
немесе қажайтын тазалағыш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
Назар аударыңыз!
Булағыштың корпусын,
желілік шнуырды немесе желілік шнурдың
ашасын суға немесе кез келген басқа
сұйықтықтарға
батыруға
тыйым
салынады.
MW-3704.indd 17
05.11.2013 11:11:55
Summary of Contents for MW-3704 VT
Page 1: ...Отпариватель MW 3704 VT 4 8 9 15 19 23 27 31 35 MW 3704 indd 1 05 11 2013 11 11 53 ...
Page 2: ...1 2 3 5 4 6 MW 3704 indd 2 05 11 2013 11 11 54 ...
Page 3: ...рис 1 рис 2 рис 3 рис 4 рис 5 MW 3704 indd 3 05 11 2013 11 11 54 ...
Page 40: ... ООО ГОЛДЕР ЭЛЕКТРОНИКС 2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 MW 3704 indd 40 05 11 2013 11 11 57 ...