13
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1
Өнімнің батареяларына/аккумуляторларына осы үсті
сызылған дөңгелекті себет таңбасының жапсырылуы
олардың 2006/66/EC Еуропа директивасының талаптарына
сәйкес келетінін білдіреді.
2
Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005 %, кадмий
0,002 % немесе қорғасын 0,004 % мөлшерінен артық
болса, бұл таңбамен бірге сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе
қорғасынның (Pb) химиялық таңбалары берілуі мүмкін.
3
Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан
бөлек, мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері
белгілеген арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
4
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға, жануарларға және адам денсаулығына
қауіп төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
5
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
туралы толық ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау
мекемелерінен немесе өнімді сатып алған дүкеннен алуға
болады.
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау
1
Өнімде осы дөңгелегі бар үстінен сызылған себет таңбасының
болуы оның 2002/96/EC Еуропалық директивасының талаптарына
сай екенін білдіреді.
2
Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық қоқыстан
бөлек, мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері
белгілеген арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3
Ескі құралды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған орта және адам
денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын алуға
көмектеседі.
4
Ескі құралды қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала
әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнім
сатушыларынан алуға болады.