KZ
166
Нан пісіру үшін қажетті азық-түлік
Негізгі азық-түлік
Ұн
Ұн нан өнімдерінің аса маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады. Нан өнімдерін пісіру үшін күздік
немесе жаздық дақылдардың қатты сұрыптарынан
өндірілетін жоғары сұрыпты ұнды пайдаланған
дұрыс. Үйде нан пісіру үшін тек нан пісіретін
арнайы ұнды немесе жоғары сұрыпты бидай ұны
сатып алуға тырысыңыз. Бидайдың ерекшелігі сол
– оның құрамында протеиннің бір түрі – ГЛЮТЕН
бар, ол қамыр илеген кезде серпімді болып кетеді.
Басқа дәнді дақылдардан (сұлы, күріш, арпа, соя,
қара бидай немесе қарақұмық) жасалған ұнды
бидай ұнына жағымды иіс беру немесе талшықты
ету үшін қосуға болады. Алайда қамыр илеуге
арналған дербес құралас ретінде мұндай ұнды
пайдалануға болмайды. Ұнның сапасын жақсарту
үшін глютеннің арнайы үстемелерін пайдалануға
болады, оларды соңғы кезде бірқатар елдердің
ұн тарту өнеркәсібі шығара бастады. Осындай
үстеменің бір ас қасығы қамырдың сапасын
елеулі түрде арттыру үшін жеткілікті болады
Алайда глютеннің үстемесін қосқан кезде абай
болыңыз: оны артық қосса, қамырдың тығыздығын
арттырады. Глютенді супермаркеттерде, үйде нан
пісіруге арналған тауарлар сатылатын бөлімдерден
сатып алуға болады.
Ұнды салу үшін міндетті түрде өлшем тостағын
қолданыңыз. Ұнды тығыздамастан, ас қасықпен
салыңыз. Ұнды қасықтың тура жиегіне дейін,
үймелетпей салыңыз.
Ұнды құрғақ әрі салқын жерде, жабық ыдыста
сақтаңыз. Қамыр илейтін ұнды салмас бұрын, оны
бөлме температурасына дейін жеткізіңіз.
Ашытқы
Ұн сияқты, ашытқы да жақсы қамыр дайындаудың
аса маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Наубайхана үшін Cаф-момент сияқты құрғақ ашытқы
пайдаланған дұрыс. Ашытқыны әсіресе тығыз
жабылмаған орамда, ылғал немесе жылы жерде
сақтаса, олар өздерінің сипаттарынан айырылуы
мүмкін. Сондықтан оны тығыз жабылған орамда,
Нан пісіру үшін үш негізгі құралас қажет: ұн, ашытқы, су.
Қалған басқа құраластардың барлығын әркім өзінің талғамына қарай, түсінігі бойынша таңдап, сол
арқылы нанның сан алуан түрлерін пісіре алады.
Summary of Contents for HB-2051BCJ
Page 116: ...116 UA ...
Page 148: ...KZ 148 ...
Page 213: ...MEMO ...
Page 214: ...MEMO ...
Page 215: ...MEMO ...
Page 216: ...MEMO ...
Page 217: ...MEMO ...
Page 218: ...Printed in Korea ...