16
KK
Жабдықты жалғау
Құрылғыны орнатқаннан кейін, қуат ашасын
розеткаға жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•
Қуат көзінің сымын (немесе ашасын)
розеткаға қосқан соң, азық-түлікті жабдыққа
2 немесе 3 сағат өткеннен кейін қойыңыз.
Жабдық толық суымай тұрып, азық-түлікті
қойсаңыз, азық-түлік бұзылып кетуі мүмкін.
Жабдықтың орнын
ауыстыру
1
Жабдықтың ішіндегі барлық азық-түлікті
алып тастаңыз.
2
Қуат ашасын шығарып, оны құрылғының
артқы немесе жоғарғы жағындағы қуат
ашасының ілгегіне енгізіп, бекітіңіз.
3
Жабдықты тасымалдау кезінде түсіп
қалмауы үшін сөрелер мен есік тұтқасы
сияқты бөлшектерді таспамен бекітіңіз.
4
Жабдықты кем дегенде екі адам
абайлап жылжытуы тиіс. Жабдықты ұзақ
қашықтыққа тасымалдағанда, оны тік күйде
ұстаңыз.
5
Құрылғыны орнатқаннан кейін, құрылғыны
қосу үшін қуат ашасын розеткаға жалғаңыз.