5
KK
•
Құрылғыны ылғал және шаң жерге орнатпаңыз. Құрылғыны
кез келген сыртқы аймаққа, тікелей күн көзі, жел немесе жауын
сияқты ауа райы жағдайларына ұшырайтын немесе нөлден
төмен температуралы аймаққа орнатпаңыз немесе сақтауға
қоймаңыз.
•
Құрылғыны тікелей күн сәулесіне немесе оны пештер мен
жылыту құрылғылары сияқты жылу көздеріне жақындатпаңыз.
•
Орнатқан кезде құрылғының артқы жағына тиіп кетпеуді
қамтамасыз етіңіз.
•
Құрастыру немесе бөлшектеу кезінде құрылғы есігінің құлап
кетпеуін қамтамасыз етіңіз.
•
Құрылғы есігін құрастыру немесе бөлшектеу кезінде қуат сымын
қыспаңыз, баспаңыз немесе зақымдамаңыз.
•
Ашалы адаптер немесе басқа да керек-жарақтарды тоқ көзіне
жалғамаңыз.
Пайдалану
•
Құрылғыны тұрмыстық тағам сақтаудан басқа мақсатта
(медициналық немесе сараптамалық материалдарды сақтау
немесе тасымалдау) қолданбаңыз.
•
Қатты жауын немесе найзағай кезінде немесе ұзақ уақыт
қолданылмайтын болса, тоқтан ажыратыңыз.
•
Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен
ұстамаңыз.
•
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
•
Құрылғының электр бөліктеріне су кіріп кететін болса, қуат
ашасын ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығымен байланысыңыз.
•
Салқын ауа шығаратын аймаққа, қақпағына немесе артындағы
жылу шығаратын торына қолдарыңызды немесе металл заттарды
салмаңыз.
•
Құрылғының артқы қақпағына шамадан тыс күш немесе ықпал
қолданбаңыз.
•
Үй жануарлары сияқты жануарларды құрылғының ішіне
салмаңыз.