29
KK
Wi-Fi модельдеріне арналған
LG SmartThinQ құрылғысының
мүмкіндіктері
Ыңғайлы смарт функцияларды пайдаланып,
смартфоныңыз арқылы құрылғыңызды
басқарыңыз.
Микробағдарламаларды жаңарту
Жабдықтың өнімділігін жаңартып тұрыңыз.
Smart Diagnosis™
Егер сіз Smart Diagnosis функциясын
пайдалансаңыз, құрылғыны пайдалану үлгісі
бойынша дұрыс қолдану жолы сияқты пайдалы
ақпарат беріледі.
Параметрлер
Құрылғы мен қолданбада әртүрлі опцияларды
орнатуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ
•
Егер сымсыз роутеріңізді, интернет
провайдеріңізді немесе құпия сөзді
ауыстыратын болсаңыз, LG SmartThinQ
қолданбасынан тіркелген құрылғыны жойып,
оны жаңадан тіркеңіз.
•
Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба
пайдаланушыларға ескертілместен өзгертілуі
мүмкін.
•
Ерекшеліктері үлгісіне қарай әр түрлі болуы
мүмкін.
Wi-Fi желісіне қосылу
Wi-Fi
түймесін LG SmartThinQ қолданбасымен
пайдаланғанда, ол тоңазытқышты үйдегі Wi-Fi
желісіне қосуға мүмкіндік береді.
Wi-Fi
белгішесі
тоңазытқыштың желілік байланыс күйін
көрсетеді. Тоңазытқыш Wi-Fi желісіне қосылған
кезде белгіше жанады.
Құралды алғаш рет тіркеу
Құралды тіркеу үшін, LG SmartThinQ
бағдарламасын іске қосып, ішіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Құралды қайта тіркеу немесе басқа
пайдаланушыны тіркеу
Уақытша өшіру үшін,
Wi-Fi
түймесін 3 секунд
басып тұрыңыз. Құралды тіркеу үшін, LG
SmartThinQ бағдарламасын іске қосып, не надо
писать нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•
Wi-Fi функциясын өшіру үшін
Wi-Fi
түймесін 3
секунд басып тұрыңыз. Wi-Fi белгішесі өшеді.
Сымсыз LAN модулінің
сипаттамалары
Моделі
LCW-004
Жиілік
диапазоны
2412 - 2472 МГц
Шығыс қуаты
(макс.)
IEEE 802.11b:17.82 dBm
IEEE 802.11g:17.72 dBm
IEEE 802.11n:16.61 dBm
Сымсыз функцияның Б/ж нұсқасы: V 1.0
Пайдаланушының назарына, бұл құрылғы
құрылғы мен дене арасындағы минималды
20 см қашықтықта орнатылып, пайдаланылуы
керек.
Бастапқы коды ашық бағдарламалық
құрал ескертуі туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL және басқа
да бастапқы коды ашық лицензиялардағы
бастапқы кодты алу үшін http://opensource.lge.
com веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті
лицензиялардың шарттарын, кепілдік
міндеттерінен бас тарту құжаттарын және
авторлық құқық туралы мәліметтерін алуға
болады.
LG Electronics компаниясы сізге CD-ROM
дискісінде ашық бастапқы кодты ақылы түрде
береді. Қызмет ақысына opensource@lge.
com мекенжайына электрондық хатпен сұрау
жіберілгеннен кейін мұндай үлестіруді орындау
құны (мысалы, тасығыш, жеткізу және өңдеу
құны) жатады. Бұл ұсыныс осы өнімді соңғы
рет жібергеннен кейін үш жыл ішінде жарамды
болады. Ұсыныс осы ақпаратты алған әр тұлға
үшін жарамды болып келеді.