3
KK
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Қауіпсіздік нұсқаулары өнімге қауіп тудыра отырып,
пайдалану және дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын
қауіптер мен зақымдардың алдын алуға арналған.
Нұсқаулар төменде сипатталғандай «АБАЙЛАҢЫЗ» және
«ЕСКЕРТУ» болып бөлінеді.
Бұл таңба қауіп тудыратын жағдайлар мен жұмысты
анықтау үшін көрсетіледі. Осындай таңбасы бар
бөлімді мұқият оқып шығыңыз және қауіптің алдын
алу үшін нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда ауыр жарақатқа
немесе өлімге әкелуі мүмкін екенін білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда өнімнің аз деңгейде
зақымдалуы мен бұзылуын білдіреді.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны пайдаланған кезде жарылу, өрт, өлім, тоқ
соғу, зақымдау немесе адамды күйдіру қауіпінің алдын
алу үшін мыналарды қоса негізгі қауіпсіздік шараларын
қолданыңыз:
Үйдегі балалар
•
Бұл құрылғы физикалық мүмкіндігі мен ақыл-есі шектеулі
немесе құрылғыға қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдарды
(балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауапты адам
қадағаламаған кезде немесе құрылғыны пайдалануға қатысты
нұсқаулар берілмеген кезде пайдалануға арналмаған.
Балалардың құрылғымен ойнамауы қадағалануы қажет.