
d)
Қолдану алдында тегістеу аспабы дұрыс
орнатылғанына
және
бекітілгеніне
көз
жеткізіңіз. Қауіпсіз күйде аспапқа бос жүрісте
шамамен 30 секунд жұмыс істеуге мүмкіндік
беріңіз. Байқалатын вибрация немесе басқа
ақаулықтар пайда болғанда аспапты дереу
тоқтатыңыз. Себепті анықтау үшін жүйенің
барлық құрамдастарын тексеріңіз.
e)
Пайдалану кезінде ұшып шығатын ұшқындар
қауіпті жағдайларға әкелмеуін қадағалаңыз,
мысалы,
сізге немесе басқа адамдарға
тимеуін. Бұл үшін қорғауыш қаптаманы дұрыс
орнатыңыз.
f) Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда
тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді,
әсіресе арматураны немесе ұстап тұратын
құрылыстарды кескенде.
Жұмысты бастау
алдында инженер-құрылысшыдан немесе
басқа жауапты тұлғадан кеңес алыңыз.
g)
Аспапты жайлып жылжытып және түзу
кесулерді орындап,
аспаптың қисаюын
болдырмаңыз. Қисық сызықтарды кесуге
тыйым салынады.
h)
Аспапты біркелкі және кесетін дөңгелекке
бүйірлік
қысым
түсірмей
жылжытуға
тырысыңыз. Аспапты өңдеп жатқан бөлшекке
әрқашан аздаған оңға қарай бұрышпен
орнатыңыз. Кесу кезінде бүйірлік қысымды
өзгертумен де, кесетін дөңгелекті қисайтумен
де кесу бағытын өзгертпеңіз.
Кесетін дөңгелектің
істен шығу қаупі бар. Бұл жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
5.5 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
5.5.1 Электр қауіпсіздігі
a)
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында
жасырын электр сымдарының, газ және су
жүргізу құбырларының бар-жоғын тексеріңіз,
мысалы, металл іздегіш көмегімен.
Электр
сымдарына кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық
металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне
айналуы мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу
қаупі пайда болады.
b)
Тұрақты түрде аспаптың байланыс сымын
тексеріңіз. Зақымдалған сымды ауыстыруды
электрші маман орындауы керек. Электрлік
құралдың
байланыс
сымы
зақымдалған
жағдайда оны басқа, ауыстыруға арналған
арнайы
сымға
ауыстыру
керек.
Оған
клиенттерге қызмет көрсету бөлімі арқылы
тапсырыс беруге болады. Тұрақты түрде
ұзартқыш
кабельдерді
тексеріңіз
және
зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Егер жұмыс уақытында желілік немесе
ұзартқыш кабель зақымдалған болса, оған
тиюге тыйым салынады. Желілік ашаны
розеткадан шығарыңыз.
Ақаулы электр қуаты
кабельдері және ұзартқыш кабельдер электр
тогының соғу қаупін тудырады.
c)
Ток өткізетін материалдармен жиі жұмыс
істегенде аспап ластанады, сондықтан оны
тұрақты түрде тексеру үшін Hilti қызмет
көрсету орталығына өткізу керек.
Жағымсыз
жағдайларда аспаптың бетінде жиналатын ылғал
мен шаң (әсіресе ток өткізгіш материалдардан)
электр тогының соғуын тудыруы мүмкін.
d)
Ашық ауада жұмыс істегенде аспаптың желіге
шығып кету тогынан қорғау автоматымен бірге
ең көп өшіру тогы 30 мА етіп қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Шығып кету тогынан қорғау автоматын
қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
e)
Әдетте ең көп өшіру тогы 30 мА шығып кету
тогынан қорғау автоматын (RCD) қолдану ұсы-
нылады.
5.5.2 Жұмыс орны
Жұмыс аймағын жақсы желдетумен қамтамасыз
етіңіз.
Нашар желденетін жұмыс аймағы көп шаң
жиналғандықтан хал-жайдың нашарлау себебі болуы
мүмкін.
5.5.3 Жеке қорғану құралдары
Құрылғымен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам
және оның жанында орналасқан тұлғалар қор-
ғауыш көзілдірік, каска, қорғауыш құлаққап, қор-
ғауыш қолғаптар және қорғауыш аяқ киім киюі
керек.
6 Жұмысқа дайындық
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Электр
құралды
реттеуге,
саймандарды
ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы
үзіліс алдында айырды розеткадан суырыңыз
және/немесе аккумуляторды электр құралдан
шығарыңыз
АБАЙЛАҢЫЗ
Желінің кернеуі зауыт кестешесінде көрсетілгенге
сәйкес болуы қажет. Станок электр қуат көзі
желісіне қосылмауы тиіс.
kk
257
Printed: 06.02.2015 | Doc-Nr: PUB / 5069502 / 000 / 02