
қисаю немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен
бірге қайтарымның пайда болу немесе оның
бұзылу мүмкіндігін арттырады.
g)
Кесу дөңгелегі сыналанған немесе жұмысты
тоқтатқан жағдайда аспапты өшіріңіз және
дөңгелек толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі
айналып жатқан дөңгелекті кесу жерінен
шығарып алуға ешқашан әрекет жасамаңыз
– қайтарым болуы мүмкін.
Сыналану себебін
анықтаңыз және кетіріңіз.
h)
Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты
қайтадан қоспаңыз. Жұмысты жалғастыру
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне
дейін тездегенше күтіңіз.
Әйтпесе дөңгелек
сыналануы, өңдеп жатқан бөлшектен ыршып кетуі
немесе қайтарымның пайда болуы мүмкін.
i)
Кесу дөңгелегі сыналанған жағдайда қауіп
дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді
тақталарды немесе бөлшектерді тіреңіз.
Үлкен
өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен
иілуі мүмкін. Өңделетін бөлшекті екі жағынан
кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ,
бөлшек жиегінің бойында тіреу керек.
j)
Дайын қабырғада немесе басқа жасырын
жерде «батырып» кесуді орындағанда әсіресе
сақ болыңыз.
Газ және су құбырларын, электр
сымдарын немесе басқа заттарды кесу кезінде
кесу дискісін салғанда, қайтарым пайда болуы
мүмкін.
5.4 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
ережелер
5.4.1 Адамдардың қауіпсіздігі
a)
Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті
аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз.
Бұл электр құралға
арналмаған абразивті дөңгелектер жеткілікті
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс
істейді.
b)
Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан
берік ұстаңыз. Майланған тұтқыштарды дереу
тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
c)
Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе
желілік кабельдерді зақымдау қаупі бар
болғанда, аспапты әрқашан изоляцияланған
тұтқыштарынан ұстау керек.
Кесетін дөңгелек
ток өткізетін сымдарға кездейсоқ тиіп кетсе,
аспаптың ашық металл бөлшектері ток соғуына
әкелуі мүмкін.
d)
Егер аспап шаңды кетіру құралдарынсыз
қолданылса, шаң пайда болатын жұмыстарда
дем алу органдарын қорғау құралдарын
қолданыңыз. Шаң кетіру құрылғысының
штуцерінің үстіндегі қақпақты жабыңыз.
e)
Жұмыс уақытында қолдарыңыз ұйып қалмас
үшін, саусақтарды босаңсытып, уқалау үшін
үзіліс жасаңыз.
f)
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз.
Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз.
Айналатын түйіндерге, әсіресе
айналатын жұмыс аспаптарына тию жарақаттарға
әкелуі мүмкін.
g)
Жұмыс кезінде желілік және ұзартқыш
кабельдердің әрқашан аспаптың артында
болуын бақылаңыз.
Бұл жұмыс уақытында
оларға шалыну қаупін азайтады.
h)
Әрқашан аспаптың қорғауыш қаптамасын
қолданыңыз. Шаңды кетіру құрылғысының
штуцерінің үстіндегі қақпақты жабыңыз.
i)
Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты
қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз
.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар
жарақаттауы мүмкін.
j)
Сыналанған немесе қайтарым жағдайында
аспаппен жұмыс істемеңіз.
Электрондық
блоктың ақаулы болуы мүмкіндігі бар. Рұқсат
етілген Hilti қызмет көрсету орталығына барыңыз.
k)
Балалар оларға аспаппен ойнауға тыйым
салынғаны туралы білуі керек.
l)
Аспап тиісті нұсқау алусыз балалардың немесе
денесі әлсіреген тұлғалардың пайдалануына
арналмаған.
m) Құрамында қорғасын бар материалдарды,
ағаштың кейбір түрлерін, минералдарды және
металдарды өңдеу кезінде пайда болатын шаң
денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай
шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі
мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын
шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе
ағашты өңдеу үшін қолданылатын қосымша
материалдармен (хром қышқылының тұзы,
ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында
асбест бар материалдарды өңдеуді тек мамандар
орындауы керек.
Мүмкін болса, жарамды
шаңсорғыш аппаратты қолданыңыз. Шаңды
оңтайлы кетіру үшін бұл электр құралды Hilti
компаниясы ағаш үгінділерін және/немесе
минералдық шаңды тазалау үшін ұсынылған
тиісті
тасымалданатын
шаңсорғышпен
тіркесімде қолданыңыз. Жұмыс аймағының
жақсы
желдетілуін
қамтамасыз
етіңіз.
P2 класты сүзгісі бар респираторды кию
ұсынылады. Материалдарды өңдеу бойынша
күшіндегі ұлттық нұсқауларды орындаңыз.
5.4.2 Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және
оны дұрыс пайдалану
a)
Кесетін дөңгелектерді өндіруші нұсқауларына
сай сақтау, пайдалану және орнату керек.
b)
Кесетін дөңгелектермен бірге төсемдер
берілсе және пайдалану міндетті болса,
оларды қолданыңыз.
c)
Өңдеп жатқан бөлшекті берік бекітіңіз. Өңдеп
жатқан бөлшекті бекіту үшін струбциналарды
немесе қыспақтарды қолданыңыз.
Бұл оны
қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде
аспапты екі қолмен ұстауға болады.
kk
256
Printed: 06.02.2015 | Doc-Nr: PUB / 5069502 / 000 / 02