
АБАЙЛАҢЫЗ
Қолдану кезінде кесетін дөңгелек пен аспап бөлшек-
тері қызуы мүмкін. Қолдарыңызды күйдіріп алуыңыз
мүмкін.
Қорғауыш қолғаптарды пайдаланыңыз.
Аспапты тек осыған арналған тұтқыштан ұстаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Затты берік бекітіңіз. Затты бекіту үшін қысқыш
құралдарды немесе қыспақтарды қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда
тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді,
әсіресе
арматураны
немесе
ұстап
тұратын
құрылыстарды кескенде.
Жұмысты бастау алдында
инженер-құрылысшыдан немесе басқа жауапты
тұлғадан кеңес алыңыз.
7.1 Аспапты пайдалану
Жұмыс кезінде қорғауыш қаптаманың жабық
жағы әрқашан жұмысшы бағытында орналасуын
қадағалаңыз.
Қорғауыш қаптаманың күйін кесу бағытына сай
өзгертіңіз.
7.2 TPS ұрлаудан қорғау жүйесі (опция)
НҰСҚАУ
Опция
ретінде
аспапты
ұрлаудан
қорғау
функциясымен жабдықтау қарастырылған. Егер аспап
осы функциямен жабдықталған болса, оны қосу және
пайдалану тек бұғаттаудан шығаруға арналған арнайы
кілттің көмегімен мүмкін.
7.2.1 Аспапты бұғаттаудан шығару
1. Аспаптың желілік кабель айырын розеткаға
салыңыз. Бұдан кейін ұрлаудан қорғау жүйесінің
сары шамы жыпықтай бастайды. Аспап
бұғаттаудан
шығару
электрондық
кілтінен
сигналды қабылдауға дайын.
2. Электрондық
кілтті
тікелей
құлып
пиктограммасына
орналастырыңыз.
Аспап
ұрлаудан қорғау жүйесінің сары шамы өшкенде
бұғаттан шығарылады.
НҰСҚАУ
Электр қамтуы өшкен жағдайда, мы-
салы, басқа жұмыс орнына өткенде, аспаптың
пайдалануға дайындығы шамамен 20 минут бойы
сақталады. Аспап ұзағырақ өшірулі болғанда оны
бұғаттаудан шығару кілтінің көмегімен қайтадан
бұғаттаудан шығару керек.
7.2.2 Аспап үшін ұрлаудан қорғау функциясын
қосу
НҰСҚАУ
Ұрлаудан қорғау функциясын белсендіру және пайда-
лану туралы егжей-тегжейлі ақпарат «Ұрлаудан қорғау
жүйесі» пайдалану бойынша нұсқаулығында бар.
7.3 Қосу
1. Кабель айырын желілік розеткаға салыңыз.
2. Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан
берік ұстаңыз.
3. Қосуды бұғаттауды басып, сөндіргішті бұғаттаудан
шығарыңыз.
4. Сөндіргішті басыңыз.
5. Бас бармақпен тұтқыштың артқы ұштығын қайта-
дан ұстаңыз.
7.4 Өшіру
Сөндіргішті жіберіңіз.
Сөндіргішті жібергеннен кейін аспап тоқтайды.
Қосуды бұғаттау қайтадан белсендірілді.
7.5 Кесетін дөңгелекпен жұмыс істеу
ҚАУІПТІ
Қайтарым қаупіне байланысты аспапты материалға
батыруды болдырмаңыз.
ҚАУІПТІ
Мүмкіндігінше жұмыстарды бастау алдында
өңдеп жатқан бөлшекке бағыттауыш роликтерді
орнатыңыз. Орнату мүмкін емес болса немесе
кесетін
дөңгелекті
белгілі
бір
бұрышқа
орнатсаңыз, әсіресе сақ болыңыз.
1. Минералдық
материалдарды
кескенде
бағыттауыш роликтер бар аспапты негізге
орнатыңыз.
2. Аспапты ең көп айналу жиілігіне қосыңыз.
kk
260
Printed: 06.02.2015 | Doc-Nr: PUB / 5069502 / 000 / 02