
122
Қазақ
6.3.2 Қорғауыш қаптама немесе жапсырмасы бар қорғауыш қаптаманың орнын ауыстыру
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге бұрыңыз.
3. Қорғауыш қаптаманы бекіту үшін қыспа иінтіректі бұғаттаңыз.
6.3.3 Қорғауыш қаптаманы бөлшектеу
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Жалғастырғыш ойықпен тураланбағанша қорғауыш қаптаманы айналдырыңыз және алып тастаңыз.
6.4 Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі.
Алмалы-салмалы аспап қызып кетуі мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Нұсқау
Кесу мен тегістеу сапасы төмендесе, алмасты дискілерді алмастыру керек. Жалпы жағдайда
алмас сегменттері 2 мм-ден (1/16") кіші болғанда алмастыру керек болады.
Басқа диск түрлерін кесу сапасы төмендеген кезде немесе бұрыштық тегістеуіш бөліктері
(дискіден басқа) жұмыс кезінде жұмыс материалына тиген жағдайда алмастыру керек.
Абразивті дискілерді тозу мерзімі өткеннен соң алмастыру қажет болады.
6.4.1 Алмалы-салмалы аспапты орнату
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Фланецті және тез қыспа гайканы тазалаңыз.
3. Қыспа фланецтегі дөңгелек қималы сақинаның бар екендігін және зақымдалмағанын тексеріңіз.
Нәтиже
Дөңгелек қималы сақина зақымдалған.
Қыспа фланецте дөңгелек қималы сақина жоқ.
▶
Жаңа қыспа фланецті дөңгелек қималы сақинамен орнатыңыз.
4. Қыспа фланецті шпиндельге енгізіңіз.
5. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
6. Қыспа гайканы орнатылған алмалы-салмалы аспапқа сай бұрап бекітіңіз.
7. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
8. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемдеңіз, шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз және
қыспа кілтті алып тастаңыз.
6.4.2 Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сыну және бұзылу қаупі.
Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрған кезде, алмалы-салмалы аспап ажыратылып қалуы мүмкін.
▶
Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
2. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
3. Қыспа кілтті орналастырып және сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
4. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
6.4.3 Kwik lock тез қыспа гайкасы бар алмалы-салмалы аспапты орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұзылу қаупі.
Тым қатты тозудан
Kwik lock
жылдам қыспа гайкасы бұзылуы мүмкін.
▶
Жұмыс барысында
Kwik lock
жылдам қыспа гайкасының бетке тимейтінін қадағалаңыз.
▶
Зақымдалған
Kwik lock
жылдам қыспа гайкасын қолдануға болмайды.
Printed: 17.11.2016 | Doc-Nr: PUB / 5313035 / 000 / 01
Summary of Contents for AG 230-24D
Page 2: ...1 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 3: ...2 3 4 5 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 4: ...6 7 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 5: ...8 9 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 204: ...198 中文 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 205: ...Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...