
Қазақ
119
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім қолмен басқарылатын электрлік бұрыштық тегістеу машинасы болып табылады. Ол
металды және минералды материалдарды су пайдаланбай кесуге немесе дөрекі тегістеуге арналған.
Оны тек құрғақ тегістеуге/кесуге қолдануға болады.
Аспапты пайдалану тек зауыттық кестеде көрсетілген электр желісінің кернеуі болғанда мүмкін.
• Минералды материалдарды дөрекі кесу, тесу және алғаш тегістеу жұмыстары тек тиісті қорғауыш
қаптаманы (қосымша жабдық) пайдалану арқылы рұқсат етіледі.
• Бетон немесе тас сияқты минералды беттерді өңдеген кезде арнайы
Hilti
шаңсорғышында
бейімделген шаңды кетіретін қаптаманы пайдалану қажет.
3.3 Жеткізілім жинағы
Бұрыштық тегістеу машинасы, қорғауыш қаптама, бүйірлік тұтқыш, қыспа фланец, қыспа гайка, қыспа
кілт, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса, өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімді
Hilti
орталығында немесе келесі сайтта табуға
болады:
www.hilti.com
3.4 Іске қосу тогының шектегіші
Іске қосу тогының электрондық шектегіші желілік сақтандырғыштың іске қосылуын болдырмау үшін
іске қосу тогының қуатын азайтады. Осының есебінен аспап біркелкі қосылады.
3.5 Айналу жиілігін электрондық реттеу жүйесі/тахореттегіш
Айналу жиілігін электрлік реттеу жүйесі бос жүріс пен толық жүктеме диапазонында берілген айналу
жиілігін тұрақты етіп ұстайды. Бұл жүйені қолдану материалдарды тұрақты айналу жиілігімен оңтайлы
өңдеуге мүмкіндік береді.
3.6 Active Torque Control (ATC)
Электроника дөңгелектің қатерлі қысылуын анықтайды және аспапты өшіру арқылы шпиндельдің ары
қарай айналуын болдырмайды.
ACT жүйесі өшіп қалған болса, аспапты қайтадан іске қосыңыз. Ол үшін қосқыш/ажыратқышты алдымен
жіберіп, сонан соң қайта іске қосыңыз.
Нұсқау
ATC жүйесінің ақаулығы пайда болғанда, электр құралы тек қатты азайтылған айналу жиілігімен
және айналу мезетімен жұмыс істей береді. Аспапты
Hilti
қызмет көрсету орталығында
тексертіңіз.
3.7 Токқа тәуелді аспап қорғанысы
Токқа тәуелді қозғалтқыш қорғанысы ток тұтынылуын бақылайды және аспапты артық жүктемеден
қорғайды.
Басу қысымының салдарынан қозғалтқышқа шамадан тыс жүктеме түскенде, қуат айтарлықтай
төмендейді, осының нәтижесінде аспап тоқтап қалуы мүмкін. Аспаптың тұрып қалуына жол бермеу
керек.
3.8 Шаңды кетіруге арналған қаптама (кесу) DC-EX 230/9", бағыттауыштары бар (керек-жарақ)
Минералды беттерде кесіп тегістеу және кесу жұмыстарын тек қана шаңды кетіруге арналған
қаптамамен орындау керек.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
Бұл қаптаманы қолданып металды өңдеуге тыйым салынған.
3.9 Жапсырмасы бар қорғауыш қаптама (керек-жарақ)
Металды материалдарды дөрекі тегістеу дискілерімен дөрекі тегістеу және кесу дискілерімен
кесу кезінде жапсырмасы бар қорғауыш қаптаманы пайдалану керек.
4 Пайдаланылатын материал
Кем дегенде 6500 айн/мин. айналу жиілігі және 80 м/сек. айналу жылдамдығы үшін рұқсат етілген, макс.
Ø 230 мм жасанды шайырмен жалғанған, фибринмен нығайтылған шайбалар ғана қолданылуы тиіс.
Printed: 17.11.2016 | Doc-Nr: PUB / 5313035 / 000 / 01
Summary of Contents for AG 230-24D
Page 2: ...1 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 3: ...2 3 4 5 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 4: ...6 7 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 5: ...8 9 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 204: ...198 中文 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 205: ...Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...