
114
Қазақ
1.4 Өнім туралы ақпарат
Hilti
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен
пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану
немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Бұрыштық тегістеу
машинасы
AG 230-24D
Буын
04
Сериялық нөмір
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз.
Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti
Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Werkzeuge | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік нұсқауларын және жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Төменде
берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр
жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін
сақтаңыз.
Жұмыс орны
▶
Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз.
Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶
Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз.
Жұмыс кезінде электр құралдар ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
▶
Электр құралды қолдану барысында балалар мен басқа адамдарды алшақ ұстаңыз.
Ауытқу
орын алғанда аспаптың басқаруын жоғалтуға болады.
Электр қауіпсіздігі
▶
Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз.
Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
▶
Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз.
Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
▶
Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз.
Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
▶
Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп қою
немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Кабельді жоғары темпера-
туралардың, майдың, үшкір жиектердің немесе электр құралдың айналатын түйіндерінің
әсерлерінен қорғаңыз.
Кабельдің зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының
соғу қаупі артады.
▶
Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген
ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз.
Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш кабельді
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Printed: 17.11.2016 | Doc-Nr: PUB / 5313035 / 000 / 01
Summary of Contents for AG 230-24D
Page 2: ...1 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 3: ...2 3 4 5 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 4: ...6 7 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 5: ...8 9 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 204: ...198 中文 Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...
Page 205: ...Printed 17 11 2016 Doc Nr PUB 5313035 000 01 ...