70
KK
Қолданбаларды орнату
•
Сіз Google Play немесе APP Store дүкенінен қол жетімді кез келген үйлесімді бағдарламаны орната аласыз;
•
Сондай-ақ Сіз қолданбаны USB жинақтаушысынан тікелей орната аласыз. Файл пішімі «.apk» болуы қажет (орнатылатын қолданбалар теледидардың
операциялық жүйесімен үйлесімді болуы қажет, өндіруші теледидарға зиян келтіруі мүмкін немесе онымен үйлеспейтін бағдарламаларды орнату үшін жауап
бермейді).
Android баптау
18-сурет. Үй парақшасы
Android жұмыс үстелін көрсету үшін
басқару пультіндегі түймешікті
басыңыз. Тармақтар арасында жылжу үшін ТӨМЕН/ЖОҒАРЫ, СОЛҒА/ОҢҒА
түймешіктерін пайдаланыңыз. Қажетті элементті таңдау үшін
түймесін
басыңыз.
Көруге ұсынылған бейне, ұсынылған қолданбалар, орнатылған қолданбалар
және басқалары негізгі экранда бірнеше таспаға бөлінеді.
•
Бірінші жолда ауа райының қолданбасы және қарауға ұсынылған
бейнелер;
•
Екінші жолда қолданба дүкенінен орнатуға болатын ұсынылған
қолданбалар көрсетіледі;
•
Үшінші жолда барлық орнатылған қосымшалар, TV белгішесі, оны басу
арқылы бұрын таңдалған көзге өтесіз, сондай-ақ смартфондардан
бейнелерді таратуға, қосылған тасымалдағыштардан контентті
қарауға арналған басқа кірістірілген қолданбаларды көрсетеді.
Сонымен қатар, осы жолдағы белгішелердің орнын
түймешесімен
өзгерте аласыз.
Фотосуреттерді немесе бейнелерді көру және сыртқы қосылған
тасымалдағыштардан музыка тыңдау үшін
Media Player
қолданбасын
пайдаланыңыз.
19-сурет. Медиа
Төменде Музыка және Спорт жанрлары бойынша ұсынылған бейне
таспалары бар бірнеше жолдар, сондай-ақ
Баптаулар
қосымшасының
белгішесі орналасқан.
20-сурет. Android баптау
Қосымша параметрлерді теңшеу және өзгерту үшін Баптау қолданбасын
ашыңыз.
Осы баптау арқылы:
•
Сымсыз немесе сымды желіге қосылуды реттеуге;
•
Күн /уақытты, уақыт белдеуін, уақытты синхрондауды және т.б.
реттеуге;
•
Жүйенің тілін таңдап, орнатылған бағдарламаларды басқаруға,
теледидарды зауыттық күйлеріне қайтаруға және жаңартулардың бар
екенін тексеруге;
•
Жүйе туралы ақпаратты, ішкі жинақтаушыдағы бос орынды, сондай-ақ
ағымдағы бағдарламалық жасақтаманың нұсқасын көруге болады.