
Күнделікті
қолдану
Корпусты әр пайдаланғаннан кейін тазалап отырыңыз. Май жиналғанда немесе басқа
қалдық жиналса, өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Тұмшапештің ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне ылғал тұруы мүмкін. Буды
азайту үшін тұмшапешті тағам пісіру алдында 10 минут іске қосыңыз. Тағамды пеште
20 минуттан артық сақтамаңыз. Пайдаланып болған сайын табанын жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Керек-жарақтар
Керек-жарақтарды әр қолданып болған сайын тазалап, құрғатып отырыңыз. Шүберекті,
жылы су мен жұмсақ жуғыш затты пайдаланыңыз. Керек-жарақтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз..
Күйдірмейтін керек-жарақтарды жеміргіш тазартқышты немесе өткір қырлы заттарды
пайдаланып тазаламаңыз.
11.2 Қалай алып тастау керек:
Сөре сырғытпалары
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпаларын алыңыз.
1-қадам
Тұмшапешті сөндіріп, әбден
суығанша күтіңіз.
2-қадам
Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
3-қадам
Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
1
4-қадам
Сөре сырғытпаларын кері ретпен
салыңыз.
Сырғытпа сөрелеріндегі білікшелер
алға қарап тұруға тиіс.
11.3 Қалай алып тастау және орнату керек: Есік
Тұмшапештің есігінің екі шыны панелі бар. Тұмшапештің есігін және ішкі шыны панелін
алып тазалауға болады. Шыны панельдерді алу алдында "Есікті алу және орнату”
тармағындағы нұсқауды толық оқыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Пешті шыны панельдерін қолданбай пайдаланбаңыз.
46
ҚАЗАҚ