30
KZ
АУА ЫЛҒАЛДАҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
•
Құрылғы корпусынан(6) суқойманы (1) шешіп
алыңыз, «бу» шығатын тесігі бар қақпақты шешіп
алыңыз (сур. 1).
•
Суқойманы (1) аударыңыз, қақпақты (4) сағат
тіліне қарсы бұраңыз және оны шешіп алыңыз
(сур. 2).
•
Бірінші қолданар алдында сүзгіні (3) сағат тіліне
қарсы бұрып алыпшешіп алу, сүзгіні (3) су құй-
ылған суқоймаға 5-10 минутқа түсіру ұсынылады.
•
Сүзгіні (3) қақпаққа (4) орнатыңыз және оны
бұрандасы бойынша бұрап, сағат тілі бағытымен
бұраңыз.
•
Суқойманы (1) қажетті мөлшерде сумен толты-
рыңыз (сур. 3).
•
Ескертпе:
— егер су құбырының суы өте
«кермек» болса, онда қосымша суды тазалауға
арналған тұрмыстық сүзгілерде тазартылған
суды пайдаланыңыз немесе су құбырының суын
дистилляциаланған сумен 1:1 қатысында арала-
стырыңыз.
•
Қақпақты (4) су құятын тесікке (2) орнатыңыз және
оны сағат тілі бағытымен, бұрандасы бойынша
бұраңыз.
•
Суға толған суқойманы (1) құрылғы корпусына (6)
орнатыңыз.
•
Жұмыс камерасы (5) суға толғанға дейін біраз
уақыт күтіңіз.
•
Егер хош иістендіру функциясын пайдаланғыңыз
келсе, контейнерді (7) шығарыңыз. Суда еритін
хош иісті майдың бірнеше тамшысын тамшы-
лаңыз және контейнерді (7) орнына орнатыңыз
(сур. 4).
•
Ескертпелер:
- суға еритін хош иісті майларды ғана пайдала-
ныңыз.
- егер сіз хош иістендіру функциясын пайда-
лануды жоспарламасаңыз, контейнерді (7)
шығарыңыз, оны сумен жуыңыз, кептіріңіз және
орнына қойыңыз
•
Желі бауының ашасын розеткаға салыңыз.
•
Тұтқаны (9) сағат тілі бойынша бұрап, ылғал-
дағышты қосыңыз, осы кезде қосу индикаторы
жасыл түспен жанады.
•
«Будың» шығу қарқындылығын тұтқаны (9) бұрап
белгілеңіз.
•
Жарықтандыруды қосу үшін батырманы (8) ба-
сыңыз, жарықтандыруды сөндіру үшін батырманы
(8) қайта басыңыз.
•
Суқоймада (1) су таусылған кезде, көрсеткіш
қызыл түспен жанады.
•
Ылғалдағышты сөндіріңіз, ол үшін тұтқаны (9)
сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұрап, желі
бауының ашасын розеткадан суырыңыз.
•
Суқойманы (1) суға толтырыңыз, орнына қойыңыз
және құрылығыны іске қосыңыз.