122
| Қазақша
F 016 L81 728 | (9.8.17)
Bosch Power Tools
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндіру мерзімі нұсқаулықтың соңғы бетінде көрсетілген.
Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада
берілген.
Өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
қосымшасы (Еуразия экономикалық одағына
[Кеден одағына] мүше мемлекеттер
аумағында қолданылады).
Нұсқаулықтың «Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар»
бөлімінде берілген қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулықтармен мұқият танысыңыз.
Төменде берілген қосымша ақпаратпен мұқият
танысыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып - салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз.
Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Назарыңызда болсын! Төмендегі
нұсқаулардың бәрін мұқиятпен
оқып шығыңыз. Бақ
электрбұйымының басқару
элементтері мен нұсқаулыққа сай
түрде қолдану бойынша
мәліметтерін оқыңыз. Осы
нұсқаулықты кейін қолдану үшін
жоғалтпай сақтап жүріңіз.
Белгілердің мағынасы
Қауіптер бойынша жалпы
нұсқаулар.
Қолдану нұсқаулығын
оқыңыз.
Электрбұйымның жанындағы
адамдарға құрылғы
жұмысынан серпіліп
шашылатын заттарының түспеуіне
назар аударыңыз.
Сақтандыру: Бақ
электрбұйымы іске қосылып
тұрғанда оған қауіп-қатерсіз
аралықта тұрыңыз.
OBJ_BUCH-2058-004.book Page 122 Wednesday, August 9, 2017 11:28 AM