Қазақ |
215
u
Аккумуляторларды ешқашан аккумуляторлық
құрылғыда сақтамаңыз.
Аккумуляторлар бөлек
сақталған жағдайда ұзақ жұмыс істеп, дұрыс
зарядталады. Аккумуляторды ұзақ уақыт сақтағаннан
кейін пайдаланудан бұрын толық зарядтау керек.
Аккумуляторды зарядтау
Аккумуляторды электр құралына салмастан бұрын тиісті
зарядтағыш құрылғыда зарядтаңыз. Зарядтау процесінің
дұрыс сипаттамасын зарядтағыш құрылғының пайдалану
бойынша нұсқаулығында және осы нұсқаулықтағы
мәліметтерден алыңыз (қараңыз „Зарядтау процесі“,
Бет 214).
Аккумулятор NTC температураны бақылау құралымен
жабдықталған, ол тек 0°C (+32°F) және 45°C (+113°F)
арасындағы температура диапазонында зарядталуға
мүмкіндік береді. Осылайша аккумуляторды ұзақ уақыт
пайдалану мүмкін болады. Дұрыс пайдаланған жағдайда
аккумуляторды ең көбі 3000 рет қайта зарядтауға
болады.
Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған
аккумулятор толық қуатына шамамен 5 зарядтау және
зарядты босату циклінен кейін жетеді. Аккумуляторларды
тек электр құралының "Аккумулятор зарядының деңгейі"
жарық диодты индикаторы қызыл түспен жанғанда ғана
зарядтауға болады.
Аккумуляторды енгізу және шығару
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(14)
ортаңғы
күйге басыңыз. Нәтижесінде ажыратқыш
(13)
"Өшірулі"
күйінде бекітіліп, электр құралының кездейсоқ іске
қосылуына жол берілмейді.
Зарядталған аккумуляторды
(11)
электр құралының
тұтқасына кіргізіңіз.
Аккумулятордың дұрыс күйде енгізілгеніне және босату
түймелерінің
(12)
электр құралының тұтқасына
тірелгеніне көз жеткізіңіз.
u
Аккумуляторды енгізу/шығару кезінде күш
салмаңыз.
APT (
A
kku
P
ack
T
op) штепсельдік
контактісі бар аккумуляторлар электр құралына
немесе зарядтағыш құрылғыға тек дұрыс күйде
енгізілетіндей етіп құрастырылған.
Аккумуляторды
(11)
шығарып алу үшін екі жағындағы
босату түймелерін
(12)
басып, аккумуляторды тұтқадан
төмен қарай тартыңыз.
Кернеу адаптерін енгізу және шығару
(C суретін қараңыз)
ANGLE EXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 14CF | 15 | 17 |
22CF | 23 | 29CF | 30
Электр құралыңыздың номиналды кернеуіне сәйкес
келетін кернеу адаптерін таңдаңыз.
Кернеу адаптерлерін кернеуіне қарай D-Sub штепсельдік
ашасы
(26)
корпусының түсі бойынша ажыратуға
болады. D-Sub штепсельдік ашасының корпусы 9,6 В
кернеу үшін көк түсті, ал 14,4 В кернеу үшін қызыл түсті
болып келеді.
u
Адаптер корпусын
(28)
тек кернеу
тұрақтантырғышының өшірулі күйінде немесе
кернеу тұрақтандырғышынан ажыратылған
штепсельдік ашамен
(26)
өнеркәсіптік
аккумуляторлық бұрауышқа орнатуға немесе одан
алып тастауға болады
.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(14)
ортаңғы
күйге басыңыз. Нәтижесінде ажыратқыш
(13)
"Өшірулі"
күйінде бекітіліп, электр құралының кездейсоқ іске
қосылуына жол берілмейді.
Содан кейін адаптер корпусын
(28)
электр құралының
тұтқасына кіргізіңіз. Адаптер корпусының дұрыс күйде
салынғанына және босату түймелері
(12)
электр
құралының тұтқасына шерту дыбысымен тірелгеніне көз
жеткізіңіз.
Содан кейін электр құралыңыз жарамды кернеу
тұрақтандырғышының штепсельдік ашасын
(26)
жалғағыш төлкеге
(25)
кіргізіңіз. Штепсельдік ашаны
(26)
жалғағыш төлкеге
(25)
екі бұранданы
(27)
қолмен
тарту арқылы бұрап бекітіңіз.
Кернеу адаптерін шығару үшін екі бұранданы
(27)
өшірулі кернеу тұрақтандырғышының штепсельдік
ашасынан
(26)
босатып, штепсельдік ашаны жалғағыш
төлкеден
(25)
тартып шығарыңыз.
Содан кейін екі жақтағы босату түймелерін
(12)
басып,
адаптер корпусын
(28)
электр құралының тұтқасынан
тартып шығарыңыз.
Жылдам алмастыру патронымен оймалы
бастиек жағдайында құралды алмастыру
(D суретін қараңыз)
u
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап
патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Алмалы-
салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған
кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
ANGLE EXACT
2 | 3 | 6
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш
үшін 1/4 дюймдік жылдам алмастыру патроны бар тік
оймалы бастиек (өнім нөмірі
0 607 453 631
) қолжетімді.
ANGLE EXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш
үшін 1/4 дюймдік жылдам алмастыру патроны бар
бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі
0 607 453 630
)
қолжетімді.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Жылдам алмастыру патронын
(29)
алға қарай тартыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты
(1)
құрал бекіткішіне
(2)
салып, жылдам алмастыру патронын қайтадан жіберіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптарды тек жарамды жалғағыш
ұштықтармен (1/4 дюймдік алты қырлы) пайдаланыңыз.
Осы жылдам алмастыру патронына бұрғыны салуға
әрекеттенбеңіз.
Ажырату тіркесімі бар өнеркәсіптік аккумуляторлық
бұрыштық бұрауыш бұрғылауға арналмаған. Тіркесім
автоматты түрде ескертусіз өшуі мүмкін. Тіркесімді
өшіргеннен кейін бұрғылауды жалғастырсаңыз, ажырату
тіркесімі қайта істегенше электр құралы қолыңыздан
шығып кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
1 609 92A 4V1 | (05.03.2019)