K
3M™ G500 бас гарнитурасы
Осы пайдаланушы нұсқауларын 3M™ шыны қалқаншасының немесе 3M™ тор
қалқаншасының нұсқаулықтарымен бірге оқыңыз. Олардың ішінен төмендегілер
туралы мəліметтер табуға болады:
• Бет қалқаншаларының мақұлданған комбинациясы
• Қосалқы бөлшектер
Оларға тұрақты сілтеме жасау үшін пайдалану мен қауіпсіздік жөніндегі барлық
нұсқауларды қараңыз.
ПАЙДАЛАНУЫ
Бет қалқаншасы бар 3M™ G500 бас гарнитурасы киюшіні көз бен бетке алдынан
жəне шеттерінен болатын соққылардан қорғауға арналған.
3M™ тор қалқаншалары тор түріндегі көз жəне бет қорғаныштарына қойылатын
EN1731:2006 талаптарына сəйкес келеді.
3M™ шыны қалқаншалары көздің жеке қорғанысына қойылатын EN166:2001
талаптарына сəйкес келеді.
Қажет болса, құлақ қорғанысын оңай тағуға болады.
3M™ Peltor™ бас гарнитурасымен бірге дулыға бекітпесі бар көптеген 3M™ G500
құлаққаптарын пайдалану мүмкіндігі бар жəне бұл мақұлданған.
Шуды басу мəндерін жəне дұрыс тағу жолын құлаққаптың тиісті пайдаланушы
нұсқауларынан қараңыз.
^
Ескерту тұжырымдамаларына ерекше назар аудару керек.
^
ЕСКЕРТУЛЕР
Өнімнің əрдайым осындай күйде болуын қадағалаңыз:
- Қолданылу мақсатына сай жарамды екенін;
- Дұрыс киілгенін;
- Көзге əсер ету кезінде пайдаланылуын;
- Қажет болғанда ауыстыруға болатынын.
Өнім киюшіні қауіп-қатерлерден қорғау үшін, дұрыс таңдау, үйрету, пайдалану
жəне тиісті түрде күтім көрсету маңызды.
Бұл өнімдердің нұсқауларын ұқыпсыз пайдалануы жəне\немесе бұл өнімдерді
қауіпті мезгілде дұрыс кимеуі жұмысшының денсаулығына əсер тигізу мүмкін,
адамның қатты немесе өмірге қауіпті ауруға немесе тұрақты мүгедектікке əкелуі
мүмкін.
Бұйымды талаптарға сəйкес жəне тиісінше пайдалану үшін жергілікті ережелерді
сақтаңыз, берілген барлық ақпаратпен танысыңыз немесе қауіпсіздік техникасы
саласындағы маманнан / 3М өкілінен кеңес алыңыз. (Жергілікті байланыстар
туралы ақпарат).
Тексерілген аппарат толық жабдықталған, бүлінбеген жəне дұрыс жиналған
болуы тиіс. Кез-келген бүлінген немесе ақаулы бөлшектер дуылға
пайдаланылғанға дейін 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен алмастырылуы тиіс.
Көз қорғаушылар кəдімгі көзілдіріктің сыртынан киілген болса жылдам ұшатын
бөлшектерден қорғау кезде бөлшектің энергиясын өткізуі мүмкін, оның əсерінен
жұмысшыға қауіп туғызады
Белгілі химиялық заттар бұл өнімдерді зақымдауы мүмкін.
Өнім өте сезімтал теріге тигенде, аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.
Қосымша мəлімет алу үшін 3M-ға хабарласыңыз.
МАҚҰЛДАУЛАР
Осы бұйымдар Еуропалық Қауымдастықтың 89/686/ЕЕС Директивасы (Жеке қорғану
құралдары бойынша Директива) талаптарына сəйкес келеді, сондықтан СЕ
белгісімен белгіленген.
Сертификат 10-Бапқа сəйкес, ЕС Үлгілік Сынақ аталған өнімге берілді
Финляндияның еңбекті қорғау институты (FIOH), Topeliuksenkatu 41aA, FIN-00250
Хельсинки, Финляндия (Органның нөмірі 0403)
СЕРТИФИКАЦИЯ
3M™ G500 бас гарнитурасы төмендегі талаптарға сəйкес келеді:
Үлгі
Еуропалық
стандарт
Таңба Қолдану аясы
Механикалық
күш
EN166:2001
Өте жоғары
температураларда жоғары
жылдамдықты бөлшектер
Орташа
деңгейдегі соққы
Жоғары жылдамдықты
бөлшектер
Жоғары
деңгейдегі соққы
EN1731:2006
Жоғары жылдамдықты
бөлшектер
Төмен
деңгейдегі соққы
G500
Өнім коды
Сипаттама
Ішкі тер таспасы, полиамид
HYG50
Орнатылған қорғаныс көзілдірігі
V6*
BT
A
F
Бет қалқаншалары ұсынатын қорғаныс туралы толық ақпаратты 3M™ шыны немесе
3M™ тор қалқаншаларының пайдаланушы нұсқауларынан қараңыз.
^
Егер бет қалқаншасы мен жақтау бірдей таңбамен белгіленбеген болса,
жалпы бет қорғанысы құралына қорғаныстың ең төмен деңгейі қолданылады.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Пайдаланар алдында, өнімді əрдайым мұқият тексеріп алыңыз. Сызаттар немесе
жырықтар сияқты зақымдану белгілері бар кез келген бөлшектерді ауыстырыңыз.
КИЮ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
1-8суреттерді қараңыз.
1. Бет қалқаншаларын дұрыс тағу нұсқаулары
2. Қорғайтын құлаққаптарды дұрыс тағу нұсқаулары
3. Кез келген Peltor байланыс өнімінің (P3E дулыға бекітпесі бар) кабелін дұрыс
жалғау нұсқаулары
a) Доғаны алдыңғы жағынан шешіңіз
b) Кабельді кабель ұстағышының ішіне салыңыз. Кабельдің ұзындығын екі
құлаққапқа бірдей болатындай реттеңіз
c) Екі жақтағы бекітпелерді пайдаланып кабельді бекітіңіз
4. HYG50 ішкі тер таспасын салу нұсқаулары
5. Орнатылған V6* қорғаныс көзілдірігін тағу нұсқаулары
Тағылғанды реттеу.
Жақсылап реттеудің 3 түрлі жолы бар:
6. 3 Биіктікті реттеу параметрлері
7. Бастың үстіңгі жағындағы баудың ұзындығын реттеу
8. Доғаны дөңгелекпен басқа қатты күш салмайтын етіп реттеу
ТАҢБАЛАНУЫ
Бет қалқаншасы мен жақтау белгілерін 9-суреттен қараңыз.
1. Өндіруші
2. CE таңбасы
3. Еуропалық стандарт, қолдану аясы жəне соққыдан қорғау класының таңбасы
4. Бет қалқаншасы түрінің белгісі
5. Жақтау түрінің белгісі
ЕСКЕРТПЕ. Басқа да дүниежүзілік таңбалар (мысалы, ANSI, CSA) бар болуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, 3M компаниясына хабарласыңыз.
{
Өндірілген күні
?
Нұсқауларды қараныз
^
Абайлаңыз!
]
Температура диапазоны
,
Ең жоғары салыстырмалы ылғалдылық
ТЕХНИКАЛЫҚ СПЕЦИФИКАЦИЯ
G500 бас гарнитурасы
Салмағы: 242г (бет қалқаншасынсыз)
Тазалау нұсқауы
Өнімді тұрақты түрде жуу құралының жұмсақ ерітіндісімен жылы суда тазалаған жөн.
САҚТАУ ЖƏНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Өнімді күн сəулесі тура түсетін жерде немесе жоғары температураларда
сақтамаңыз.
Пайдаланбаған кезде, материал ескірмеу үшін, салқын, қараңғы жерде сақтаған жөн.
Өнімнің ұсынылған ең көп сақтау уақыты — шығарылған күннен бастап 5 жыл.
Бұйымның ерекше қаптамасы Еуропа Одағында тасымалдауға жарамды.
ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ҚОСЫМША ҚҰРАЛДАРЫ
Үйлесімді бет қалқаншалары туралы толық ақпаратты 3M™ шыны немесе 3M™ тор
қалқаншаларының пайдаланушы нұсқауларынан қараңыз..
ЕСКЕРТУ
Бет қалқаншасындағы жəне бет қалқаншасының жақтауындағы (9-сурет) белгілерді
əрдайым тексеріп бірге қолдануға жарамды екенін жəне жарамды қорғау класын
анықтаңыз.
33
Summary of Contents for G500
Page 3: ...1 2 3 1 2 3 2 ...
Page 4: ...1 2 3 4 6 5 7 8 3 ...
Page 5: ...4 ...
Page 37: ...36 ...
Page 38: ...37 ...
Page 39: ...38 ...
Page 41: ......