KK
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ҰСТАНУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны қолданудан бұрын, осы қауіпсіздік
нұсқауларын оқып шығыңыз. Оларды кейін қарап
тұру үшін жақын жерде ұстаңыз. Осы нұсқаулар
мен құрылғының өзінде әрқашан орындалуы
тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулері беріледі.
Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқаулары орындалмаған,
құрылғы дұрыс қолданылмаған немесе басқару
элементтері дұрыс орнатылмаған жағдайда барлық
жауапкершіліктерден бас тартады.
Жасы тым кіші балалар (0–3 жас) құрылғыдан
аулақ ұсталуы керек. Әрдайым бақылап
отырмаған жағдайда, жас балалар (3–8 жас)
құрылғыдан аулақ ұсталуы керек. 8 жасқа толған
балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой
қабілеті төмен, я болмаса тәжірибесі мен білімі
жоқ адамдарға осы құрылғыны басқа адам
бақылап тұрған кезде немесе құрылғыны қауіпсіз
түрде қолдану бойынша нұсқама берілген және
олар құрылғыны қолдануға қатысты қауіптерді
түсінген жағдайда ғана қолдануға болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды.
Балаларға құрылғыны бақылаусыз тазалауға
және оған қызмет көрсетуге болмайды. Есікті
ешқашан күштеп ашуға немесе оны басқыш
ретінде қолдануға болмайды.
РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНЫСЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
Құрылғы таймер немесе
бөлек қашықтан басқару жүйесі сияқты сыртқы
ауыстырып қосу құралымен басқарылуға
арналмаған.
Бұл құрылғы үйде және оған ұқсас жағдайларда
қолдануға арналған: дүкендердегі, кеңселердегі
және басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлердің ас бөлмесінде; ферма үйлерінде;
қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа да
қонақ күту орындарындағы тұтынушылар
тарапынан.
Кір жуғыш машинаға бағдарламалар
кестесінде көрсетілген максималды
сыйымдылықтан көп жүктеме салмаңыз (құрғақ
киімнің салмағы).
Осы құрылғы кәсіби мақсатпен қолданылуға
арналмаған. Құрылғыны сыртта қолданбаңыз.
Ешқандай еріткіштерді (мысалы, скипидар,
бензол), құрамында еріткіштер бар жуғыш
заттарды, тазартқыш ұнтақтарды, шыны
тазартқыштарды, әмбебап тазартқыштарды
немесе тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға
болмайды; еріткіштермен не тұтанғыш
сұйықтықтармен өңделген маталарды кір жуғыш
машинада жууға болмайды.
Кептіргіш ішінде жуылмаған заттарды
кептірмеңіз.
Ас майы, ацетон, спирт, бензин, керосин, дақ
кетіргіштер, скипидар, балауыз бен балауыз
кетіргіштері сияқты заттармен кірленген
нәрселерді кептіргіште кептіруден бұрын көбірек
жуғыш зат қосып, ыстық суда жуу керек.
Пенопласт (латекс көбігі), душ қалпақтары, су
өткізбейтін маталар, резеңке қосылған маталар
мен киімдер немесе пенопласт төсемдері бар
жастықтарды кептіргіште кептіруге болмайды.
Кондиционерлерді немесе оған ұқсас
өнімдерді кондиционер нұсқауларына сәйкес
қолдану керек.
Кептіргіш циклының соңғы бөлігі қызусыз
орындалады (салқындату циклы), солайша
заттар зақымдалмайтын температурада
ұсталатыны қамтамасыз етіледі.
Барлық заттар жылдам алынып, қызу шашылып
кететіндей таратылмаса, кептіру циклы
аяқталғанша кептіргішті тоқтатушы болмаңыз.
Кептіру кезеңі барысында есік өте қызып кетуі
мүмкін.
Жанғыш еріткіштермен (мысалы,
трихлорэтилен) жуылған киімдерді кептіру үшін
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны пенопластты немесе оған ұқсас
эластомерлерді кептіру үшін қолданбаңыз.
Кептіру циклдары орындалып жатқанда су
шүмегі ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қалталардан барлық заттарды алып тастаңыз,
мысалы шақпақтар немесе сіріңке.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам
тасымалдауы және орнатуы керек — жарақат
алу қаупі. Құрылғының қаптамасын ашу және
оны орнату үшін қорғайтын қолғап киіңіз — теріні
тіліп алу қаупі.
Кір жуғыш машинаның үстіне кептіргіш
орналастырғыңыз келсе, алдымен Сатқаннан кейін
қызмет көрсету бөліміне немесе маман дилерге
хабарласып, ондай мүмкіндіктің бар-жоғын
сұрастырыңыз. Кептіргішті кір жуғыш машинаға
Сатқаннан кейін қызмет көрсету бөлімінен немесе
маман дилерден сатып алуға болатын тиісті
қабаттастырып орналастыру жинағымен бекіткен
жағдайда ғана сондай мүмкіндік болады.
Құрылғыны жылжытқан кезде, үстіңгі бөлігінен
немесе жоғарғы қақпағынан ұстап көтеруге
болмайды.
Орнату, оның ішінде су беру (бар болса) және
электр қосылыстарын орнату және жөндеу
жұмыстарын білікті маман атқаруы керек.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше
көрсетілмеген болса, құрылғының ешбір бөлігін
жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды.
Балаларды құрылғыны орнату жерінен аулақ
ұстаңыз. Құрылғының қаптамасын ашқаннан
кейін, тасымалдау кезінде оған зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз. Ақаулықтар табылған
жағдайда, сату орталығына немесе ең жақын
Сатқаннан кейін қызмет көрсету ұйымына
хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін қаптама
қалдықтарын (пластик, пенопласт бөлшектер,
т.б.) балалардан аулақ сақтау қажет, себебі олар
тұншығу қаупін төндіреді. Орнату жұмыстарына
кіріспес бұрын, құрылғыны токтан ажырату
керек, себебі ток соғу қаупі төнеді. Орнату
кезінде құрылғы қуат кабеліне зақым
келтірмейтініне көз жеткізіңіз, себебі өрт шығу
немесе ток соғу қаупі төнеді. Құрылғыны орнату
процедурасы аяқталғаннан кейін ғана қосыңыз.
Содержание BI WDWG 861484 EU
Страница 1: ...1 2 3 4 5 150 ml 100 ml 50 ml 10 mm 0 39 inch 2 cm 0 7 inch 6 7 ...
Страница 43: ......
Страница 44: ......
Страница 45: ...400011618400 ...