15
ҚАЗАҚША
• Топсаның арнайы құрастырылымы арқасында
еден қылшағы (1) үлкен бұрылу бұрышына ие,
бұрыштарды, сондай-ақ жиһаздың астындағы
кеңістікті тазалай алады (сур. 5).
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ мен ИНДИКАЦИЯ
Басқару панелі
(12) тұтқаның алдыңғы жағында (11)
орналасқан және екі басқару батырмасы бар:
Батырма (20)
- бу беруді реттеу батырмасы.
Батырма (21) - құрылғыны қосу/сөндіру батырмасы.
Батырманы (20)
дәйектеп басу еден қылшағына (1)
бу беруді көбейтеді немесе азайтады.
Индикациялау панелі
(16) жұмыс режимінің үш
жарықдиодты индикаторы (22, 23, 24) бар және
корпустың (3) алдыңғы жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Жоғарғы жарықдиодты индикатор
(22) құрылғының
қосылу күйін және жұмысқа дайындығын көрсетеді.
Қосу/сөндіру батырмасын (21)
басқан кезде жоғарғы
жарықдиодты индикатор (22) қызыл түспен жанады,
бұл алдын ала қыздыруды білдіреді. Бу швабрасын
алдын ала қыздыру шамамен 25 секундқа созылады.
Бу швабрасы жұмыс істеуге дайын болған кезде,
жарықдиодты индикатордың (22) жарқылының түсі
көгілдірге өзгереді.
Орташа жарық диодты индикатор
(23) кішкене бу
беру режимін көрсетеді және құрылғыны батырмасымен
(21)
қосқаннан кейін бірден көгілдір түспен жана
бастайды.
Төменгі жарық диодты индикатор
(24) үлкен бу беру
режимін көрсетеді және бу беруді реттеу батырмасын
(20)
басқаннан кейін көгілдір түспен жана бастайды.
Үлкен бу беру режимінде екі жарықдиодты индикатор да
жанады (23, 24).
БУ ШВАБРАСЫН ҚОЛДАНУ
Назар аударыңыз! Бу швабрасының еденге құлауына
жол бермеңіз. Еденге соғылу салдарынан құрылғының
ішкі бөліктері зақымдалуы, ал швабраның тұтқасы
жарылып кетуі мүмкін.
Аспапты пайдаланбас бұрын, желілік бауды толығымен
тарқатуды ұмытпаңыз.
Желілік бауды (10) орауға арналған жоғарғы ілмек 180°
бұрылады, бұл желілік бауды тарқатуға ыңғайлы.
Сұйыққоймаға су құю
• Корпустағы (3) бекіткіш батырмасына (8) басыңыз
және суға арналған сұйыққойманы (7) шығарыңыз.
• Суға арналған сұйыққойманың қақпағын (6) сағат
тіліне қарсы бұрап ашыңыз.
• Өлшегіш стақаншаны (19) пайдаланып, сұйыққоймаға
(7) таза су құйыңыз.
• Сұйыққойманы сумен толтырғаннан кейін қақпақты
(6) сағат тіліне бағытымен бұрап жабыңыз.
• Сұйыққойманы шертілгенге дейін орнына қойыңыз.
• Егер швабраны пайдалану кезінде сұйыққоймадағы
су таусылса, қосу батырмасын (21) басып, құрылғыны
өшіріңіз, электр розеткасынан желі бауыны ашасын
(4) суырып алыңыз және жоғарыдағы нұсқауларға
сәйкес сұйыққоймаға (7) таза су құйыңыз.
Еденді жуу және дезинфекциялау
• Еден қылшағына (1) микрофибра шүберегін (18)
бекітіңіз (сур. 2). Қылшақтағы планкаға шүберек
жабыстырмалары жақсы жабысқандай етіп,
қылшақты шүберекке басыңыз.
• Желі бауының ашасын (4) электр розеткасына
салыңыз да, қосу батырмасын (21) басыңыз, бұл
ретте қосу индикаторы (22) қызыл түспен және
кішкене бу беру индикаторы (23) көгілдір түспен
жанады. Индикатор (22) көгілдір түспен жанған кезде,
бу швабрасы жұмыс істеуге дайын болады.
• Батырмаға (20) дәйектеп басу арқылы, бу берудің
талап етілген деңгейін таңдаңыз.
• Тазалау кезінде желі бауы кедергі жасамауы үшін
оны жоғарғы ілгектен (10) өткізіңіз.
Кілем жабындарын тазалау
• Кілем жабынына арналған жақтауды (17) еден
қылшағының үстіне (1) кигізілген шүберекпен (18)
орнатыңыз. Ол үшін еден қылшағын жақтауға
орнатыңыз және жақтау орнына келгенше басыңыз.
• Жақтау (17) қылшақтың (1) кілем жабындары үстінен
сырғып жүруін жеңілдетеді, шүберектің (18) түрілуіне
жол бермейді.
• Желі бауының ашасын (4) электр розеткасына
салыңыз да, қосу батырмасын (21) басыңыз, бұл
ретте қосу индикаторы (22) қызыл түспен және
кішкене бу беру индикаторы (23) көгілдір түспен
жанады. Индикатор (22) көгілдір түспен жанған кезде,
бу швабрасы жұмыс істеуге дайын болады.
• Батырмаға (20) дәйектеп басу арқылы, бу берудің
талап етілген деңгейін таңдаңыз.
Су деңгейі
Су деңгейі әрдайым мөлдір сұйыққойманың (7) арқа-
сында көрініп тұрады.
Су жұмсалып біткенде, бу шығуын тоқтатады.
Жұмысты жалғастыру үшін, сұйыққойманы жоғарыда
сипатталғандай сумен толтырыңыз.
ЕСКЕРТУ: бұл операция әрқашан құрылғыны желіден
ажыратқаннан кейін ғана орындалуы керек
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
• Еденді жуар алдында шаң мен кір бөлшектерін кетіру
үшін оны сыпыру немесе шаңсорғыштау ұсынылады.
• Еденді жуу кезінде аспапты біркелкі қайтарымды-
жылжытпалы қозғалыстармен жүргізіңіз, өзіңізден
кері итеріп және қайта тартып қозғалтыңыз. Жуылған
еденге баспау үшін артқа жылжыңыз.
• Микрофибрадан жасалған шүберек (18) еденді
жуу кезінде суды жинайды. Алайда, еден бетінің
ерекшеліктеріне және бу берудің берілген
қарқындылығына байланысты еденде аздап ылғал
қалуы мүмкін. Бұл жағдайда еденді табиғи түрде
кептіру ұсынылады. Кептіруді желдеткіштің көмегімен
оны қажетті аймаққа бағыттау арқылы жеделдетуге
болады.
• Тазалау аяқталғаннан кейін шүберекті (18) еденге
арналған қылшақтан (1) шешіп алыңыз. Сонда
швабраның астындағы еден дымқыл шүберектен
ылғалданбайды.
• Жақтауы (17) орнатылған еденге арналған
қылшақпен (1) кілем жабындарын тазалауға болады.
Кілемді жаңарту үшін келесі әрекеттерді орындап
көріңіз: кілем тазартуға арналған құралды 1:1
қатынасында сумен сұйылтыңыз. Жасалған ерітіндіні
бүріккішпен шашыратып себіңіз және кілемді
2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыт келгенде кілемді бу
швабрасымен тазалаңыз. Бұл әрекеттен кейін кілем
дымқыл болады, оны кептіру керек.
• Судың тұрып қалуын және бөгде иістің пайда болуын
болдырмау үшін сұйыққоймадағы (7) суды мезгілімен
толығымен ауыстыру ұсынылады.
VT-8188.indd 15
9/18/20 4:44 PM