11
ҚазаҚша
келген авторландырылған (уәкілетті)
сервистік орталыққа хабарласыңыз.
•
Құралды тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
•
Құралды құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА
АРНАЛҒАН,
ҚҰРАЛДЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ
ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды суық (қыс) уақытта тасымалдаған
және сақтаған жағдайда оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес
уақыт ұстау керек.
–
Шырынсыққышты орамнан шығарыңыз
және құралдың жұмысына кедергі келтіретін
кез-келген жарнамалық жапсырмаларды
алып тастаңыз.
–
Құралдың бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулері
болған кезде құралды пайдалануға
болмайды.
–
Құралды қосу алдында электрлік желі
кернеуінің құралдың жұмыс кернеуіне
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
–
Шырынға арналған тостағанды (6), конусты
(2, 3), сеператорды (4) және шаңнан
қорғайтын қақпақты (1) бейтарап жуатын
құрал қосылған жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз және құрғатыңыз.
–
Моторлы блокты (7) сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, одан соң құрғатыңыз.
–
Моторлы блокты (7) суға немесе кез-келген
сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
ҚҰРАСТЫРУ
–
Моторлы блокты (7) құрғақ, тегіс жерге
орналастырыңыз.
–
Моторлы блокқа (7) жетектік білікті (5)
және шырынға арналған тостағанды (6)
орнатыңыз.
–
Тостағанға
(6)
сеператорды
(4)
орналастырыңыз.
–
Жетектік білікке (5) конусты (3) орнатыңыз,
ірі цитрустардан шырын сығатын кезде (3)
конусқа (2) конусты орнатыңыз.
ШЫРЫНСЫҚҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Жұмыс істеу ұзақтығы
Максималдық үздіксіз жұмыс жасау
уақыты 15 секудтан кем емес үзіліспен
15 секундты құрайды. Жұмыс циклдарының
максималдық саны 10 тең. 10 жұмыс
циклынан кейін құралды 30 минут бойы
суыту керек.
Конус (3, 2)
–
Қыстырғаштары бар кіші конус (3) өлшемі
кіші цитрус жемістерінен (лимон және
лайм жемістері сияқты) шырын алу үшін
қолданылады. Қыстырғыштар жеміс
жұмсағының сеператор (4) торында тұрып
қалуының алдын алады.
–
Үлкен конус (2) ірі цитрусты жемістерден
(грейпфрут немесе апельсин сияқты)
шырын сығуға арналған. Үлкен конус кіші
конустың үстінен орналастырылады.
–
Желілік баудың айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
–
Цитрусты жемісті жуыңыз және екі бөлікке
бөліңіз. Электрлік моторды іске қосу үшін
цитрустық жемістің жартысымен конусты
(2 немесе 3) басыңыз. Цитрустық жемістің
жартысын конусқа қатысты (2 немесе 3)
әртүрлі бағытта жылжытыңыз.
–
Конус (3 немесе 2) айналған кезде цитрустық
жемістен шырын бөлінеді, ол сепаратор (4)
торы арқылы өтіп, тостағанға (6) құйылады.
–
Шырынды сығып алғаннан кейін тостағанды
(6) шешіп, ішіндегі шырынды құйып алыңыз.
Ескертпе: – сеператордың (4) жоғарғы
бөлігінде реттегіш бар, оның көмегі арқылы
сепаратор (4) тесігінің өлшемін үлкейтуге
немесе кішірейтуге болады, сол арқылы
дайын шырындағы жұмсақтың саны көбееді
немесе азаяды.
–
Жұмысты аяқтағаннан кейін желілік бау
айырын розеткадан суырыңыз.
Ескертпе: – шырынсыққыш жұмыс істеп
тұрған уақытта конус (3 немесе 2) сағат
тілі бойынша немесе сағат тіліне қарсы
айналуы мүмкін.
IM VT-3660.indd 11
10.08.2018 11:43:15
Содержание VT-3660
Страница 2: ...IM VT 3660 indd 2 10 08 2018 11 43 14 ...
Страница 19: ...IM VT 3660 indd 19 10 08 2018 11 43 15 ...