18
ҚАЗАҚША
•
Құрылғыны қолсап аймағынан ғана ұстаңыз. Құрылғы
корпусын тілімдер аймағынан ұстамаңыз.
•
Құрылғының ыстық бөліктерінің бетке, мойынға және
басқа дене мүшелеріне тиюіне жол бермеңіз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған уақытта жұмсақ заттарға
(төсекке немесе диванға) қоймаңыз, оны бүркемеңіз.
Сақ болыңыз!
Жұмыс тілімдері мен жұмыс тілімдері
аймағындағы құрылғы корпусы құрылғыны сɵндіргеннен
кейін біршама уақыт бойы ыстық болып қалады.
•
Құрылғыны пайдаланған кезде желілік бауды толық
ұзындығына тарқату ұсынылады.
•
Желілік бау:
– ыстық заттармен жанаспауы,
– жиһаздың үшкір шеттерімен тартылмауы,
– аспапты тасымалдауға арналған қолсап ретінде
пайдаланылмауы керек.
•
Баудың бүтіндігін мезгілімен тексеріп тұрыңыз.
•
Приборды электр ашасы немесе қуаттандыру
бауы зақымданған жағдайда пайдаланбаңыз.
Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет
немесе баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
•
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-келген
ақаулықтар пайда болғанда, соынмен қатар
ол құлағаннан кейін аспапты электр желісінен
ажыратыңыз және кепілдеме талоны мен www.vitek.ru
сайтында көрсетілген хабараласу мекен-жайлары
бойынша кез-келген туындыгерлес (өкілетті) қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық
орауда тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДА-
ЛАНУҒА ҒАНА АРНАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН
ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағдайында тасымал-
даған немесе сақтаған кезде оны кемінде үш сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
IM VT-2538_70x130.indd 18
7/23/19 6:56 PM