
19
ҚАЗАҚША
•
Құрылғыны орамнан шығарып, құрылғының жұмысына
кедергі келтіретін орам материалдарын алып
тастаңыз.
•
Желілік бауды толық тарқатыңыз.
•
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер болғанда
құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Іске қосу алдында аспаптың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
«ГОФРЕ» ШАШТЫ СӘНДЕУІ
•
Аспап ұзын шашқа да, қысқа шашқа қолданылуы
мүмкін.
•
Аспапты сау, боялмаған және жасанды жолмен
бұйраланбаған шаштарға, немесе арнайы түзететін
заттарсыз пайдаланыңыз.
•
Егер шаштар боялған немесе химиялық бұйраланған
болса, онда аспап сирек пайдалану ұсынылады.
•
Ең жақсы нәтижеге жету үшін шаштар таза және құрғақ
болуы керек.
•
Аспапты түзу, тұрақты және термотөзімді бетке
қойыңыз.
•
Желілік баудың айырын электрлік резеткеге салыңыз,
қуаттандыру ажыратқышын (3) «I» күйіне қойып,
құрылғыны қосыңыз, осы кезде қосу индикаторы (2)
жанады.
Ескерту:
Алғашқы пайдалану кезінде қыздырғыш
элементтен иіс пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
•
Құрылғының қызғанын күтіңіз.
•
Тегіс таралған шаштарды біркелкі ені бар тарамдарға
(5 см таяу етіп) бөліңіз.
•
Шаш тарамын тілімдер (1) арасына салыңыз.
•
Құрылғыны қолсаптан (4) ұстаңыз.
•
Жұмыс пластиналары (1) арасына шашты тамыр-
ларының қасынан қысыңыз, және шаш тарамының
бүкіл ұзындығы бойынша бұйралар жасаңыз.
•
«Гофре» бұйрасын алу үшін құрылғыны шаш тарамы
бойы сырғытпаңыз, тек жұмыс пластиналарын (1)
қысыңыз.
МАҢЫЗДЫ:
ешбір жағдайда пластиналарды шаштың бір
бɵлігінде 2-3 секундтан артық ұстамаңыз.
•
Осыдан кейін келесі тарамға көшіңіз.
•
Соңғы ретке келтіру немесе лакты жағу алдында
шашыңызды салқындатып алыңыз.
•
Құрылғының ыстық беттерінің бетпен, мойынмен
және басқа дене бөліктерімен жанасуына жол
бермеңіз.
IM VT-2538_70x130.indd 19
7/23/19 6:56 PM