ҚАЗАҚША
11
ЭЛЕКТР ҚЫСҚАШТАР VT-2380
Электрқысқыштар құрғақ және сәл
дымқыл шашты модельдеу үшін
қолданылады.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Жұмыс пластиналарын бекіту
2.
Шашты қысатын тұтқа
3.
Қосу/өшіру батырмасы
4.
Жұмыс пластиналарын қыздыру
температурасын орнату
батырмасы (°C)
5.
Ионизаторды қосу индикаторы
6.
Қыздыру температурасының
көрсеткіштері (160°C, 180°C, 200°C)
7.
Термо қорғаныс төсемдері
8.
Жұмыс пластиналары
9.
Тұғыр
10.
Ауа ионизаторының шығуы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Электр қысқаштар суы бар ыдыстың
(ванна, бассейн және т.с.с.) жанында
пайдалануға тыйым салынады.
• Құрылғыны жуынатын бөлмеде
пайдаланғаннан кейін желілік сым
ашасын электр розеткасынан ажы-
ратып, электр желісінен ажыратып
қойыңыз, себебі құрылғы қосу/өшіру
пернесі арқылы өшірілгеннен кейін
де судың жақындығы құрылғыға қауіп
тудырады.
• Қосымша қорғаныс үшін ванна
бөлмесіндегі қуат көзі тізбегіне 30 мА
аспайтын іске қосылудың атаулы тоғы
бар қорғаныс ажырату құрылғысын
(ҚАҚ) орнатқан дұрыс, орнату кезінде
маманға көмегіне жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдын-
да берілген нұсқаулықты зейін қойып
оқып шығыңыз, және оны келешекте
анықтамалық мәлімет ретінде пайдала-
ну үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны
осы
нұсқаулықта
баяндалғандай тікелей мақсаты бой-
ынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
тұтынушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруіне әкелуі мүмкін.
• Іске қосар алдында электр желісінің
кернеуі құрылғының жұмыс кернеуіне
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны аэрозольдер шашы-
райтын жерде немесе тез тұтанатын
сұйықтықтар пайдаланылатын жерде
қоспаңыз.
• Аспапты пайдалану кезінде желілік
бауды бүкіл ұзындығына тарқату
ұсынылады.
• Желілік шнур:
–
ыстық беттермен жанаспауы,
–
суға батырылмауы керек,
–
жиһаздың өткір ұштары арқылы
тартылмауы,
–
құрылғыны тасымалдау үшін тұтқа
ретінде қолданылмауы қажет.
• Құрылғыны, желілік сымды немесе
желілік сым айырын су қолыңызбен
ұстамаңыз.
• Аспапты
пайдалану
алдында
желілік бауды зейін қойып қарап
шығыңыз және оның бұзылмағанына
көз жеткізіңіз. Желілік сымы
немесе желілік сым айыры
зақымдалған жағдайда құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Суға шомылып жатқанда, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
• Құрылғыны суға толы ваннаға неме-
се раковинаға түсіп кету қаупі бар
жерге қоймаңыз; құрылғы корпусын,
желі шнурын немесе желі шнурының
ашасын суға немесе кез келген басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.
• Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда
дереу желілік шнур ашасын электр
розеткасынан сурыңыз, осыдан
кейін ғана құрылғыны судан алып
шығуға болады. Құрылғыны қарау
немесе жөндеу үшін жақын жердегі
авторланған (уәкілетті) сервистік
орталыққа жүгініңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.