19
ҚазаҚша
• Шаш бұрымын пластиналардың (1) арасына салып,
оларды қысыңыз. Жұмыс істеу уақытында жұмыс
тілімдерін қолсап (2) аймағынан ғана ұстаңыз,
түзеткіш корпусына, корпустың шеттеріне және жұмыс
тілімдеріне (1) қолыңызды тигізбеңіз.
• Түзеткішті бірнеше секунд бойы ұстаңыз және
тілімдерді сәл қысып шаш тарамының бүкіл ұзындығы
бойынша жүргізіңіз.
• Процедураны барлық шашты жазуды аяқтағанша
қайталаңыз.
• Шашты тікейту процедураларының аяқталуына қарай
сөндіргішті (5) «OFF» күйіне орната отырып, құрылғыны
сөндіріңіз, осыған қоса индикатор (6) сөнеді. Желілік
бау ашасын электр розеткасынан алып тастаңыз.
• Құрылғыны ілгекке (4) іліңіз және оның толық сууына
мүмкіндік беріңіз.
• Пластиналарын (1) қысыңыз және оларды күйіне
орната отырып, бекіткішті (3) орнатыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
• Тазалау алдында құрылғыны электрлік желіден
ажыратыңыз, құрылғыны ілгекке (4) іліп қойыңыз және
толық суытыңыз.
• Құрылғы корпусын, желілік шнуырды және желілік
шнурдың ашасын суға немесе кез келген басқа
сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
• Корпустың сыртқы бетін және жұмыс пластиналарын
(1) жұмсақ ылғал матамен сүртіңіз.
• Тазалау үшін қажайтын жуғыш заттарды және
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
• Құрылғыны сақтауға алып қоймас бұрын, оны толық
суытып алыңыз да, құрылғы корпусының таза және
құрғақ екеніне көз жеткізіп алыңыз.
• Пластиналарын (1) қысыңыз және оларды күйіне
орната отырып, бекіткішті (3) орнатыңыз.
• Желілік бауды құрылғыға орамаңыз, себебі бұл оның
бүлінуіне әкелуі мүмкін.
• Құрылғыны құрғақ, салқын, балалардың қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
1.
Түзеткіш – 1 дн.
2.
Нұсқаулық – 1 дн.
VT-2317.indd 19
13.10.2017 15:43:50