
15
ҚазаҚша
КОФЕБҰҚТЫРҒЫШ VT-1523
Кофебұқтырғыш
«ЭСПРЕССО»
кофесін
бұқтыруға және «КАПУЧИНО» кофесін әзірлеу
үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Суға арналған ыдыс қақпағы
2. Суға арналған алынбалы ыдыс
3. Бу беру реттегішінің тұтқасы
4. Түтік-капучинатор
5. Алынбалы ұштама
6. Табандық торы/тамшыларға арналған
табандық
7. Кофеге арналған сүзгі ұстауышы
8. Кофеге арналған сүзгі ұстаушысы
9. Іске қосу/сөндіру батырмасы « »
10. Бу беруді іске қосу батырмасы «
»
11. Суды беруді іске қосу/сөндіру
батырмасы « »
12-13. Кофеге арналған сүзгілер
14. Үгетілген кофенің тығыздауышы бар
өлшеуіш қасық
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғану үшін қуат тізбегіне
30 мА-ден аспайтын номиналды жұмыс істеу
тоғы бар қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ)
орнатып қойған жөн. ҚСҚ орнату үшін маманға
хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
•
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
бойынша басшылықпен зейін қойып
танысыңыз. Берілген басшылықты пайдалану
мерзімі бойы сақтаңыз.
•
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
сынуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Алғашқы
іске
қосу
алдында
кофебұқтырғыштың жұмыс істеу кернеуі
электрлік желідегі кернеуге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
•
Желілік
баусым
«еуроашамен»
жабдықталған; оны жерге сенімді түйісуі бар
электр ашалығына қосыңыз.
•
Өрт тәуекеліне жол бермеу үшін
кофебұқтырғышты электр ашалығына қосқан
кезде ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•
Кофебұқтырғышты тек оның тікелей мақсаты
бойынша ғана пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны
панажайлардан
тыс
пайдаланбаңыз.
•
Кофебұқтырғышты температурасы 0°C-
ден төмен панажайларда ешқашан
қалдырмаңыз,
пайдаланбаңыз
және
сақтамаңыз.
•
Кофебұқтырғышты құрғақ түзу тұрақты бетке
орнатыңыз, құрылғыны үстелдің шетіне
қоймаңыз.
•
Кофебұқтырғышты ыстық беттерге қоймаңыз.
•
Кофебұқтырғышты жылу, ылғал немесе
ашық от көздерінің тікелей қасында
пайдаланбаңыз.
•
Желілік баусымның үстелден салбырап
тұруына жол бермеңіз, сонымен бірге оның
ыстық беттермен және жиһаздың үшкір
жиектерімен жанаспауын қадағалаңыз.
•
Шығып жатқан бумен жұмыс істеген уақытта
сақ болыңыз.
•
Электрлік ток соққысына жол бермеу үшін
кофебұқтырғышты, желілік баусымды немесе
желілік баусымның ашасын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтыққа матырмаңыз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін жабдықтарды
ғана пайдаланыңыз.
•
Кофебұқтырғышты сусыз іске қоспаңыз.
•
Таза салқын суды ғана пайдаланыңыз,
суға арналған тұрмыстық сүзгілерден
қосымша тазартудан өткен суды пайдалану
ұсынылады.
•
Кофебұқтырғышты іске қосу алдында,
барлық шешілмелі бөлшектердің дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
•
Ешқашан
жұмыс
істеп
тұрған
кофебұқтырғышты қараусыз қалдырмаңыз.
•
Желілік баусымды, желілік баусым ашасын,
кофебұқтырғыш корпусын сулы қолмен
ұстамаңыз.
•
Күйік алуға жол бермеу үшін кофе әзірлеу
процесінде және құрылғыны сөндіргеннен
кейін бірден кофебұқтырғыштың ыстық
беттеріне (сүзгі ұстауышына, бойлерге, түтік-
капучинаторға) қолыңызды тигізбеңіз.
•
Жабдықтарын шешу немесе тазалау
алдында құрылғыға толық салқындауға уақыт
беріңіз.
•
Сүзгі ұстауышын кофебұқтырғыш жұмыс
істеп тұрған кезде шешуге тыйым салынады.
•
Құрылғыны тазалау алдында немесе
пайдаланбайтын
болған
жағдайда,
кофебұқтырғышты
электр
желісінен
ажыратыңыз.
•
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан
кезде желілік баусымнан тартпаңыз, желілік
баусымның ашасынан ұстаңыз.
IM VT-1523.indd 15
21.12.2017 17:06:00