22
ҚазаҚша
1.
Суға (12) және сүтке (8) арналған
резервуарларды толтыру
Ескертпе:
Ыдыстағы
(8
және
12)
сұйықтықтар деңгейі «MAX» максималды
деңгей белгісінен аспауы тиіс.
–
Желілік сым ашасы электр розеткасына
қосылып тұрмағанын, ал қуат ажыратқыш
(7) «0» күйінде тұрғанын тексеріп алыңыз.
–
Суға арналған резервуарды (12) шешіп
алып, қақпақты (13) ашыңыз. Резервуарға
су толтырып, қақпақты жабыңыз да, оны
орнына орнатыңыз.
–
Сүтке арналған резервуарды (8) өзіңізге
қарай тартып шешіп алыңыз да, қақпақты (11)
ашыңыз. Резервуарға сүт құйып, қақпақты
жабыңыз да, оны орнына орнатыңыз.
2.
Кофеге арналған сүзгіні (17, 18) және
сүзгі ұстағышын (14) орнатыңыз
–
Кофеге арналған сүзгіні орнатыңыз: сүзгі
(17) – бір порция кофе үшін; сүзгі (18) – екі
порция үшін.
–
Сүзгідегі (17 немесе 18) дөңесті сүзгі
тұтқыштағы (14) ойыққа келтіріңіз (1-сур.).
Одан кейін сүзгіні бекіту үшін бұрыңыз (2-сур.).
–
Ұсақталған кофені сүзгіге (17/18) сеуіп, оны
өлшегіш қасықтың (19) ұстайтын жағымен
сәл ғана нығыздаңыз.
–
Тұтқыш тұтқасын (16)
таңбасына
қарсы орнатып, тұтқыш дөңестерін (14)
орнатылатын жердегі (3) ойыққа келтіріңіз.
Тұтқаны (16)
таңбасына қарай түбіне
дейін бұраңыз (3-сур.).
3.
Қажетті көлемдегі тостақты таңдау (4-сур.)
–
Капучино немесе латте үшін үлкен көлемді
тостақты алып, оны тұғырға (6) орнатыңыз.
–
Эспрессо үшін аз көлемді тостақты алып,
оны жылжымалы тұғырға (5) орнатыңыз.
–
Егер капучино немесе латте әзірлеген
болсаңыз, онда капучинатор түтігін (4)
тұтқадан ұстап
(9) тостаққа бағыттаңыз
.
–
Кофеге арналған тостақ көлемін кестедегі
деректерді ескере отырып таңдаңыз:
Кофе түрі
Бір порция
көлемі*
Екі порция
көлемі*
Эспрессо
40 мл
80 мл
Капучино
180 мл
300 мл
Латте
350 мл
450 мл
*
Орташа мәндер көрсетілген.
4.
Құрылғыны қосу
–
Желілік сым ашасын электрлік розеткаға
сұғып, қуат ажыратқышты (7) «I» күйіне
орнатыңыз. Басқару тақтасының жарығы
(2) жыпылықтайды (құрылғы қыздырылып
жатыр). Құрылғының толық қызғанын күтіңіз
(басқару тақтасындағы жарық (2) тұрақты
жанып тұрады).
–
15 минут ішінде басқару тақтасындағы
түйме (2) басылмаса құрылғы ұйқы режиміне
өтіп, басқару тақтасындағы жарық (2)
сөнеді. Құрылғыны қайта қосу үшін басқару
тақтасындағы (2) кез келген түймені басу
керек.
5.
Эспрессоны әзірлеу
–
Бір порция кофені автоматты түрде әзірлеу
үшін (20) «ЭСПРЕССО» түймесін бір рет
басу керек, екі порция үшін – екі рет. Кофе
порциясының тиісті индикаторы ( немесе
) жыпылықтайды, құрылғы кофе әзірлей
бастайды.
–
Егер кофе әзірлеуді тоқтату керек болса,
(20) «ЭСПРЕССО» түймесін қайта басу
керек.
–
Өзіңіз қалаған кофе мөлшерін дайындай
аласыз. Ол үшін күту режимінде (20)
«ЭСПРЕССО» түймесін басып, 3 секунд
ұстап тұру керек. Осы кезде сүзгі арқылы
ұсақталған кофемен бірге су беріледі,
және
индикаторлары жыпылықтап
тұрады. (20) «ЭСПРЕССО» түймесін қайта
басып су беруді тоқтатыңыз.
6.
Капучино және латте кофесін әзірлеу
А) Автоматты түрде әзірлеу
–
Ауыстырып қосқышты (10) қажетті
күйге орнатыңыз: «КАПУЧИНО» немесе
«ЛАТТЕ».
–
Бір порция капучино немесе латте әзірлеу
үшін (21) «КАПУЧИНО»/ (22) «ЛАТТЕ»
түймесін бір рет, ал екі порция әзірлеу
үшін (21)/(22) түймесін екі рет басу керек.
Құрылғы кофе әзірлеуге өтеді, тиісті режим
индикаторы жыпылықтап тұрады.
Б) Капучино немесе латте кофесін
әзірлеу режимін қолмен баптау
Сүт көпіршігін әзірлеу режимінде кофе
қайнатқыштың жұмыс істеу уақытын өзгертіп,
өзіңізге ғана ұнайтын сүт көпіршігі мөлшері бар
кофені әзірлей аласыз.
Әзірлеу режимінің пайдаланушылық баптаулары
сақталып,
құрылғы
келесі
қосылғанда
қолданылады.
VT-1516.indd 22
04.12.2017 17:41:24