21
ҚазаҚша
Ескертпе
Алғашқы қосқан кезде тостердің
қыздырғыш элементі күйеді, сондықтан
аздаған түтіннің пайда болуы қалыпты
жағдай болып табылады.
СУДЫ ТАҢДАУ
Резервуарды толтыру үшін суқұбырындағы
суды пайдаланыңыз. Егер суқұбырындағы су
кермек болса, онда оны тазартылған сумен
1:1 арақатынасы бойынша араластырыңыз,
су өте кермек болған кезде оны тазартылған
сумен
1:2
арақатынасы
бойынша
араластырыңыз немесе тек тазартылған
суды пайдаланыңыз.
Ескертпе
Су
құюға
арналған
резервуарға
хошиістендіргіш сұйықтықтарды, сірке
суын, крахмал ерітіндісін, қақтарды кетіруге
арналған реагенттерді, химиялық заттарды
және т.б. құюға тыйым салынады.
СУ ҚҰЮҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАРДЫ
ТОЛТЫРУ (сур. 1, 2)
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Тұрақты бу жіберу реттегішін (3) шеткі «бу
жіберу сөндірулі» күйіне орнатыңыз.
Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
Суды құйыңыз.
Ескертпе
Суды MAX белгісінен асырып құймаңыз.
Егер үтіктеу кезінде суды толтыру қажет
болса, онда үтікті сөндіріңіз және желілік
ашаны розеткадан ажыратыңыз және суды
құйыңыз.
Үтіктеп болғаннан кейін, үтікті аударып,
судың қалдығын төгіп тастаңыз (сур. 8).
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Пайдаланбай тұрып, қызған үтікті ескі
матаның қиығына тексеріп көріңіз, бұл үтіктің
табаны мен суға арналған резервуардың
таза екендігін тексеру үшін қажет.
–
Үнемі киімдерді үтіктемес бұрын,
бұйымның температурасы көрсетілген
тілшелерге қараңыз.
–
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар
тілше жоқ болса, бірақ сіз материалдың
түрін
ажырата
алсаңыз,
онда
температураны таңдау үшін кестеге
қараңыз.
Белгілеулер Матаның түрі/температура
•
синтетика, нейлон, акрил,
полиэстер (төменгі темпе-
ратура)
••
жібек/жүн (орташа темпе-
ратура)
•••
мақта/зығыр (жоғары тем-
пература)
–
Бұл кесте тек талшықты материалдарға
арналған. Егер материал басқа
түрлі болса (гофрирленген, кеді—
бұдырлы және т.б.), онда оны төменгі
температурада үтіктеген жөн.
–
Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы
бойынша сұрыптап алыңыз: жүнді - жүнге,
мақтаны - мақтаға және т.б.
–
Үтіктің қызуы, оның сууына қарағанда
тез. Сондықтан алдымен төменгі
температураны қажет ететін киімдерді
үтіктеп алған жөн (мысалы, синтетикалық
маталар). Содан кейін анағұрлым жоғары
температура кезіндегі үтіктеуге көшіңіз.
Мақта мен зығырды соңғы кезекте үтіктеу
керек.
–
Егер бұйым аралас маталардан
дайындалған болса, онда ең төменгі
температурада үтіктелетін матаға
арналған температураны орнатып
қойған жөн (мысалы, бұйымның 60%
полиэстерден және 40% мақтадан тұрса,
онда оны полиэстерге сәйкес келетін
температурада «•» үтіктеу қажет).
–
Егер сіз киім жасалған матаны анықтай
алмасаңыз, онда киімнің киген кезде
көзге түсе қоймайтын жерін тауып
алыңыз да, тәжірибелік жолмен үтіктеу
температруасын таңдаңыз (үнемі ең
төменгі температурадан бастаңыз да,
қалаған нәтижеге қол жеткізбейінше оны
көбейте беріңіз.)
–
Вельветті және басқа да тез түгі түсетін
маталарды қатаң түрде бір бағытта ғана
(түктің ығына қарай) сәл батыңқырап
үтіктеу керек.
VT-1241_IM.indd 21
09.10.2013 16:38:55
Содержание VT-1241 GY
Страница 1: ...1 VT 1241_IM indd 1 09 10 2013 16 38 52 ...
Страница 2: ...VT 1241_IM indd 2 09 10 2013 16 38 53 ...
Страница 3: ...3 VT 1241_IM indd 3 09 10 2013 16 38 53 ...