• Микротолқындық үлкен Tupperware күріш пісіргіші 0°C - 120°C температурасы аралығында
тағам үшін қауіпсіз. Мұздатқышқа салмаңыз. Одан жоғары температурада тағам әзірлеу
үшін қолданбаңыз.
• Күрішті немесе басқа дәнді дақылдарды ешбір уақытта су қоспай әзірлемеңіз.
• Суға тоң майды немесе майды қоспаңыз, немесе құрамында май бар сүт сияқты
сұйықтықты қоспаңыз. Үлкен күріш пісіргіш ризотто, паэлья күрішін, десерт немесе ұнтақ
ботқасын дайындау үшін жарамсыз.
• Бұжыр немесе өткір құралдарды пайдаланбаңыз.
• Қайнаған кезде шашырап кетуді болдырмау үшін аса толтырмаңыз. Ең жоғарғы толтыру
сызығынан асырмаңыз. Крахмалы көп күрішті әзірлеу үшін аз мөлшерде пісіруді ұсынамыз.
• Ыстық бу Сізге тимес үшін және күйіп қалмас үшін қақпақты үнемі өзіңізден алшақтап
көтеріңіз.
• Ыдыстың ішіндегісі әзірлеуден кейін ыстық болады. Ұстаған кезде пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Дақ түсірмес үшін шафран, карри немесе басқа да түсті дәмдеуіштерді күрішке қоспауды
не қызанақ немесе карри негізді тағамдарды ысытпауды ұсынамыз. Дақ түсуі өнімнің
жұмысына әсер етпейді және ол Tupperware кепілдігінде қамтылмайды.
• Микротолқындық үлкен Tupperware күріш пісіргіші өнімі тек микротолқынды пеште
қолдануға арналған; оны ас үй плитасында, пеште немесе гриль астында қолданбаңыз.
• Қатты тағам иісінен немесе дақтардан қорғауға көмектесу үшін әрдайым контейнерді
қолданған соң бірден салқын сумен шайыңыз. Жинақтың барлық бөліктерін ыдыс жуғыш
машинада жууға болады.
• Қолдану бойынша негізгі нұсқаулар қақпақтың ішкі бетінде және төсеменің жоғарғы бетінде
оймаланып көрсетілген.
Tupperware сапа кепілдігі
Микротолқындық үлкен Tupperware күріш пісіргішіне барлық Tupperware өнімдеріне сияқты
қандай да бір материал не өндіру ақауы, әсіресе өнімді нұсқауларға сай және қалыпты үй
қолданысында пайдаланғанда ақауы орын алса Tupperware компаниясы өндірген кез келген
өнімнің ауыстырылуын қамтамасыз ететін бірдей Сапа Кепілдігі беріледі.
www.tupperwarebrands.com мекенжайы
KK