KK
Сізді Tupperware компаниясының тағамыңызды жылы немесе салқын күйінде сақтауға
арналған термоконтейнерлерін таңдағаныңызбен құттықтаймыз.
Пайдалану және күтім көрсету жөніндегі нұсқауларды мұқият оқысаңыз және
орындасаңыз, термоконтейнерлерді көптеген жылдар бойы рақаттанып пайдаланатын
боласыз.
alDFGJMH
Термоконтейнер мыналардан
тұрады
:
(a)
Клапан
(b)
Қақпақ
(c)
Тығыздағыш
(d)
Термоконтейнер
Пайдалану және күтіп ұстау:
•
Жаңа
өнімді алғаш рет пайдаланар алдында жуып, шайыңыз.
•
Жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін, жылы тағам үшін термоконтейнерді ыстық
(қайнап тұрған емес) су құю арқылы алдын ала жылыту, ал салқын тағамдар үшін
суық су құю арқылы алдын ала суыту ұсынылады.
•
Термоконтейнерді ашу
үшін
:
(d) термоконтейнерді ұстап тұрып, (b) қақпақты бұрап
ашыңыз. Ыстық не салқын тағамды салыңыз. Бұранданың төменгі жағынан жоғары
толтырмаңыз.
•
Термоконтейнерді жабу үшін: контейнерді ұстап тұрып, термоконтейнердің (d)
қақпағын (b) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
•
Ыстық тағам суығанда контейнер ішінде вакуум әсері пайда болып, қақпақты ашуды
қиындатуы мүмкін. Пайда болған қысымды босату үшін қақпақтағы клапанды
басыңыз, сол кезде ашу оңай болады.
•
Контейнер қақпағы мен түбінде контейнерлерді бір-біріне жалғауға мүмкіндік
беретін арнайы бөлігі бар. Оларды жалғау үшін жай ғана бір жабық контейнерді
басқа жабық контейнердің үстіне қойыңыз. Бір контейнердің төменгі жағындағы
жалғағышты екінші контейнердің үстіңгі қақпағындағы ойыққа туралаңыз. Бір
қолыңызбен төменгі контейнерді, екінші қолыңызбен үстіңгі контейнерді ұстап
тұрып, үстіңгі контейнерді сағат тілінің бағыты бойынша бұрап, орнына келтіріңіз
•
Контейнерлерді ажырату үшін, төменгі контейнер қақпағын ұстап тұрып, үстіңгі
контейнерді сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Үстіңгі контейнерді астыңғы
контейнерден көтеріңіз.