![TEFAL HOME CHEF CY601832 Скачать руководство пользователя страница 13](http://html1.mh-extra.com/html/tefal/home-chef-cy601832/home-chef-cy601832_user-manual_1074861013.webp)
25
24
KK
асырып толтыруға болмайды.
• Құрылғының ыстық бөліктерін ұстамаңыз.
Қолданыстан кейін жылыту элементінің беті
біразға дейін ыстық болуы мүмкін.
• Қақпақты ашқан кезде, әрдайым қақпақ
тұтқасынан
ұстаңыз.
Қолдарыңызды
бүйірлік ұстағыш тұтқалармен бір сызыққа
орналастырыңыз. Қайнаған су тығыздағыш
тіреуі мен қақпақ арасында болып, күйіп қалуға
себеп болуы мүмкін.
• Сондай-ақ қақпақты ашқан кезде құрылғыдан
шығатын буға күйіп қалмаңыз. Будың ақырын
шығуы үшін, алдымен қақпақты сәл ғана ашыңыз.
• Құрылғыны ешқашан күшпен ашпаңыз. Ішкі
қысымның қалыпқа келгеніне көз жеткізіңіз. Өнім
қысым астында болған кезде, қақпақты ашпаңыз.
Олай істеу үшін пайдалану нұсқауларын қараңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін пайдалану нұсқауларын
қараңыз. Әзірлеу табағы мен бу кәрзеңкесін
ыстық сабынды суда жууға болады. Құрылғы
корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Құрылғыны суға батырмаңыз.
• Ток сымы зақымдалса, қауіп-қатердің алдын алу
үшін оны өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе
тиісті біліктілігі бар маман ауыстыруы керек.
Басқа сымдармен бірге берілген қуат сымын
ауыстырмаңыз.
• Құрылғы тағамды қысыммен пісіреді. Дұрыс пайдаланбау буға күйіп
қалу қаупін туғызуы мүмкін.
• Құрылғыны басқа мақсаттарда пайдалануға болмайды.
• Бұл құрылғы стерилизатор емес. Оны құмыраларды стерильдеу үшін
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны қақпақ тұтқасынан көтеріп тасуға болмайды. Құрылғы
ыстық болса, қолғап киіңіз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғыны
тасымалдамас бұрын қақпақтың бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
• Құрылғы қысым астында болған кезде, оны жылжытпаңыз. Ыстық
беттерін ұстамаңыз. Оны жылжытқан кезде, ұстағыш тұтқаларын
пайдаланыңыз, қажет болса, қолғап киіңіз. Құрылғыны көтеру үшін
қақпақ тұтқасын пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны қыздырылған пеш немесе ыстық плита үстіне қоюға
болмайды. Құрылғыны ашық жалынға немесе тұтанғыш затқа жақын
қоймаңыз.
• Зақымдалған құрылғыны пайдаланбаңыз. Оны бекітілген қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
• Үлгіңізге тек сәйкес қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Бұл әсіресе
тығыздағыш төсем, әзірлеу кәстрөлі және металл қақпақ үшін маңызды.
• Қақпақты жартылай ашық қалдыру үшін қақпақ пен корпус арасына
шүберек немесе басқа нәрсе қоймаңыз. Бұл тығыздағышты біржола
зақымдауы мүмкін.
• Тығыздағыш төсемді зақымдамаңыз. Зақымдалған жағдайда, оны
бекітілген қызмет көрсету орталығына апарып, ауыстыруын сұраңыз.
• Құрылғыны берілген нұсқауларға сәйкес тазалау және техникалық
қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, қауіпсіздік құрылғыларын
ұстамаңыз.
• Әзірлеу кәстрөлінің түбі мен жылыту элементінің әрдайым таза болуын
қадағалаңыз. Жылыту тақтасының ортаңғы бөлігі жылжымалы болуын
қадағалаңыз.
• Кәстрөлдің жабыспайтын қабатының зақымдалуына жол бермеу үшін
пластмасса немесе ағаш қасықты пайдаланыңыз. Тамақты тікелей
әзірлеу кәстрөлінде кесуге болмайды.
• Құрылғыны кәстрөлінсіз немесе кәстрөл ішінде сұйықтық жоқ күйінде
пайдалануға болмайды. Бұл құрылғының ауыр зақымдалуына әкелуі
мүмкін.
• Құрылғыны әзірлеу кәстрөлінсіз толтырмаңыз.
• Қысымды көтермес бұрын құрылғының дұрыс жабылғанына көз
жеткізіңіз (Пайдалану нұсқауларын қараңыз).
• Пісіру үшін қажетті жылу көзі құрылғыға кіреді.
• Әзірлеу кәстрөлін жылыту тақтасынан басқа жылу көзінің көмегімен
жылытпаңыз және басқа кәстрөл пайдаланбаңыз. Әзірлеу кәстрөлін
басқа құрылғылармен пайдалануға болмайды.
• Қысым әсерінен ісінетін сыртқы қабығы бар етті (мысалы, сиыр тілін)
әзірлегеннен кейін, ісініп кеткен жағдайда, оның сыртқы қабығын
теспеңіз: күйіп қалуыңыз мүмкін. Оны әзірлемес бұрын тесіңіз.
• Құрылғыны әзірлеу кезінде ісінетін тағамдарды (бұршақ, кеспе немесе