![TEFAL CONVENIENT Series Скачать руководство пользователя страница 49](http://html1.mh-extra.com/html/tefal/convenient-series/convenient-series_manual_1074000049.webp)
97
96
KK
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Буқазанды тазалау
• Құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
• Тазаламай тұрып, толық салқындатып алыңыз.
• Шырын жинағыш пен су құтысын босатпай тұрып, құрылғы толық салқындағанына көз
жеткізіңіз.
• Ылғал, қырмайтын губканы пайдаланып, су құтысын тазалаңыз.
• Барлық алынбалы бөлшекті жылы суда жуғыш сұйықтықпен не ыдыс жуатын машинада
жуыңыз, шайып құрғатыңыз. 1-5 сур.
• Электр базаны суға не басқа сұйықтықтарға салмаңыз.
• Абразивті тазалау өнімдерін пайдалануға болмайды.
Бумен пісіргіштегі қақтың жиналуын жою
Оңтайлы нәтиже үшін буқазанды әр 8 қолданыстан кейін қақтан тазалаңыз.
Ол үшін:
• Шырын жинағышты тазалаңыз.
• Құтыға 150 мл ақ сірке су құйыңыз. 25-сур. (жабдық дүкенінде қолжетімді)
• Су құтысына MAX деңгейіне дейін салқын су құйыңыз. 25-сур.
• Қақ жібуі үшін бір түнге қалдырыңыз. 26-сур.
• Су мен сіркесуды төгіңіз. 27-сур.
• Су құтысының ішін бірнеше рет жылы сумен шайыңыз.
• Басқа қақты кетіретін өнімдер пайдаланбаңыз.
Ескертпе: дұрыс жұмыс істеуі үшін құрылғының қағын жүйелі түрде тазалап тұру
маңызды болып табылады.
Бумен пісіргішті сақтау
• Барлық бөлшектің таза әрі құрғақ екенін тексеріңіз.
• Шырын жинағышты су құтысына орнатыңыз.
• Күріш құтысын шырын жинағыштың үстіне аудару керек. 30-сур.
• 1-құтыны өнімнің базасына төңкеріп қойыңыз. 31-сур.
• 2-құтыны 1-құтының үстіне төңкеріп қойыңыз.
• 3-құтыны 2-құтының үстіне төңкеріп қойыңыз. 31-сур.
• Қақпақты үстіне қойыңыз. 32-сур.
• Құрғақ, таза әрі дірілдемейтін жерге қойыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Мәселе
Себебі
Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді.
Құрылғы ток көзіне дұрыс
жалғанбаған.
Құрылғы розеткаға дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғы қыздырмайды.
Сіз
сенсорлық тақтасын
басқан жоқсыз.
сенсорлы тақтасын
басыңыз. Таңба
экранда
көрсетіледі
Құтыға су құйылмаған.
Құтыға максималды деңгейге
дейін су құйыңыз.
Экран жанады, бірақ құрылғы
қызбайды.
Қыздыру элементінде ақау бар.
Сатудан кейінгі қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тағам дұрыс піспеген.
Құтыда су жоқ не жеткіліксіз.
Пісіру алдында және кезінде
су деңгейін тексеріңіз. Пісіру
кезінде су таусылып қалса,
құрылғы бу шығармайды,
сондықтан тағамды
пісірмейді.
Тамақтың мөлшерімен
салыстырғанда пісіру уақыты
қысқа
Пісіру уақытын арттырыңыз
Корпустан су шығады.
Қыздыру элементінен су
жылыстауы мүмкін.
Құрылғыны бекітілген
сервистік орталыққа
апарыңыз.
Құрылғының шеттерінен бу
шығады.
Құтылар бір-біріне дұрыс
орнатылмаған.
Құтылар бір-біріне дұрыс және
тиісті ретпен орнатылғанын
тексеріңіз.
Су толтыру тартпасы ашық.
Оның дұрыс жабылғанына көз
жеткізіңіз.
Тағам әдеттегіден ұзағырақ піседі. Қыздыру элементіне қақ түзілген.
Қыздыру элементінде түзілген
қақты тазалаңыз.
«Техникалық қызмет көрсету
және тазалау» бөлімін
қараңыз.