0458-829-9921-A
272
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.2 Мақсатына сай қолдану
STIHL AL 301-4 қуаттағышы ең көбі төрт STIHL AP және
AR аккумуляторын дәйекті түрде қуаттай алады.
Сақтандыру
■ STIHL тарапынан мақұлданбаған қуаттағыштар мен
аккумуляторлар өрт және жарылыс себебі болуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► STIHL AL 301-4 қуаттағышымен STIHL AP және AR
аккумуляторлары қуатталады.
■ Егер қуаттағыш мақсаты бойынша қолданылмаса,
адамдардың зардап шегуі немесе өлтірілуі, сондай-ақ
оларға материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
► Қуаттағышты осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталғандай қолданыңыз.
4.3 Пайдаланушыларға қойылатын талаптар
Сақтандыру
■ Үйретілмеген пайдаланушылар қуаттағыштың
қауіптілігін түсінбеуі және оған мән бермеуі мүмкін.
Пайдаланушы және басқа да адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Егер қуаттағыш басқа тұлғаға берілсе: сонымен
қатар пайдалану нұсқаулығы қоса беріледі.
► Пайдаланушы келесі талаптарды
қанағаттандыратынына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушы шаршаған емес.
– Пайдаланушы қуаттағышты физикалық, зияткерлік
және сенсорлық тұрғыдан басқара алады. Егер
пайдаланушының физикалық қабілеті, дене түйсігі
арқылы сезіну қабілеті немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі болса, онда пайдаланушы, жауапты
тұлғаның бақылауымен немесе нұсқауларымен
ғана жұмыс істей алады.
– Пайдаланушы зарядтау құрылғысының қауіптілігін
анықтай және бағалай алады.
– Пайдаланушы кәмелетке толған тұлға болып
табылады немесе пайдаланушы мамандыққа
ұлттық ережелерге сәйкес бақылаумен оқиды.
– Пайдаланушы қуаттағышты бірінші рет
пайдаланудың алдында STIHL
мамандандырылған дилеріне немесе құзыретті
тұлғаға барып, білім алды.
– Пайдаланушы алкоголь, дәрі-дәрмек немесе
есірткі әсерінде емес.
► Кез келген күмән туындаған жағдайда: STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз,
түсініңіз және сақтап қойыңыз.
Қуаттағышты жаңбыр мен ылғалдан
қорғаңыз.
Ең көбі үш қуаттағышты бірінің үстіне бірін
салуға болады.
► Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз,
түсініңіз және сақтап қойыңыз.
Содержание AL 301-4
Страница 421: ...0458 829 9921 A 419 slovenščina 14 Nadomestni deli in dodatni pribor ...
Страница 422: ...0458 829 9921 A 420 slovenščina 14 Nadomestni deli in dodatni pribor ...
Страница 423: ......
Страница 424: ...www stihl com 04588299921A 0458 829 9921 A 0458 829 9921 A INT DGFEhSfIdNcHPsnRLuQgTpelBWYy ...