IM011
SL-HB43M01
23
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
•
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз да,
әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
•
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
•
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін, сан
алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
•
Қондырманы қозғалтқыш бөлікке сырт етіп түскенше кіргізіңіз.
•
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін, іске қосу алдында блендерді араластырылатын
тамақ өнімдеріне батырыңыз.
•
Қондырманы ағытып алу үшін аспаптың корпусындағы түймешіктерді қатар басыңыз
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
•
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті ұсақтау
үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек. Жаңғақтың қабығын
аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
•
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық өнімдерін
ұсақтауға жарамайды.
•
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
•
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
•
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
•
Шараны шара жетегімен жабыңыз. Шараны шара жетегімен жабыңыз. Жетекті орнына бекіту үшін жетектегі
бекіткіштер шарадағы ойықтарға дәл түсуі қажет.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне сырт еткенше.
•
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған қондырманың
шарасын ұстаңыз.
•
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
•
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
•
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
•
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып алыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
•
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз. Бұл
қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.
•
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар қондырманы қозғалтқыш
бөлікке орнатыңыз.
•
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық өнімдері салынған шараға батырыңыз. Жұмысты
төмен жылдамдықтан бастаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Блендер дұрыс немесе толық құастырылмаса, процессор іске қосылмайды.
КАРТОП ЕЗБЕСІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
•
Қондырманы түйіршіксіз әрі үлпілдеген картоп езбесін жылдам дайындау үшін пайдаланыңыз.
•
Қондырманы қозғалтқыш бөліктің үстіне орнатыңыз. Қондырманы мықтап бекіту үшін, қондырмадағы меңзер
қозғалтқыш бөліктегі бұғаттау белгішесімен сәйкес келетіндей етіп, оны сағат тілінің бағытына қарсы бұрау
керек.
•
Жұмысқа кіріспес үшін қондырманы піскен картоп салынған шараға батырыңыз. Жұмысты төмен
жылдамдықтан бастаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Картоп езбесі үлпілдек әрі дәмді болып шығуы үшін оған шамалы ыстық сүт пен сары май қосыңыз.
•
Езбені дайындап болғаннан кейін қондырманың қалақшаларын алып, жуыңыз. Құрғатып сүртіңіз де, орнына
қондырыңыз.
•
Қондырманың қалақшаларын ағытып алу үшін оларды сағат тілінің бағытымен бұраңыз, орнына қондыру үшін
қалақшаларды сағат тілінің бағытына қарсы айналдырыңыз.
ЖҰМЫСЫ
•
Дұрыс әрі тиісті түрде құрастырылғанына көз жеткізіңіз.
•
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
•
Реттегіштің көмегімен қажетті жылдамдықты орнатыңыз.
•
Блендердің “TURBO” режимі бар (8-ші түймешік). Қуаттылығын барынша арттыру үшін TURBO түймешігін
басып ұстап тұрыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін оны босатыңыз.
ИМПУЛЬСТІК РЕЖИМ
•
Импульстік режим түймешігін басыңыз да, ұстап тұрыңыз – блендер осы түймешік басулы тұрғанда жұмыс
істей береді.
Содержание Silverline SL-HB43M01
Страница 1: ......