![Scarlett SC-PM229D98 Скачать руководство пользователя страница 9](http://html1.mh-extra.com/html/scarlett/sc-pm229d98/sc-pm229d98_instruction-manual_1208550009.webp)
IM014
www.scarlett.ru
SC-PM229D98
9
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Құралды қоректену жүйесінен сөндіргенде шаңышқыны ұстаңыз, ал қоректену бауынан тартпаңыз.
Құрылғы құрғақ тегіс бетте тұрақты тұруы тиіс. Құралды ыстығы бар бетке, сондай-ақ, ыстық шығару
көздеріне (мысалға электрлі плиталар), перделерге жақын және ілінбелі сөрелердің астына қоймаңыз.
Қосылған құралды ешуақытта қараусыз қалдырмаңыз.
Ересек адамдрадың бақылауынсыз балаларға пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ДАЙЫНДЫҚ
Барлық ораушы материалдарды алып тастаңыз.
Жұмыс бетін дымқыл матамен сүртіңіз.
Негізді тегіс, қызуға төзімді бетке орнатыңыз.
Тегіс және нық тұратындай етіп жұмыс бетін негізге орнатыңыз.
Аспапты электр желісіне қосыңыз. Ауыстырғышты I қалпына келтіріңіз.
ЕСКЕРТУ: Алғашқы рет қолдану кезінде құрылғыны қыздырғанда түтін мен иіс шығуы мүмкін. Бұл
қолданушыға ешқандай қауіп төндірмейтін қалыпты құбылыс. Жұмыс барысында бөлменің қажетті
дәрежеде желдетілуін қамтамасыз етіңіз (мысалы, терезені ашыңыз).
Ауыстырғышты «0» қалпына келтіріңіз және қоректендіру бауының ашасын розеткадан шығарыңыз.
Құрылғыны суытып, жұмыс бетін тағы да дымқыл матамен сүртіңіз.
Енді құрылғы жұмысқа дайын.
ЖҰМЫС
Қасықты немесе ожауды пайдалынып, сұйық қамырды жұмыс бетіне құйыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қамырдың қажетті көлемін анықтау үшін, қамырды жұмыс бетінің 2/3 бөлігін алып тұратындай
етіп құйыңыз. Қамырдың жұмыс бетінің шетіне төгіліп кетпеуін қадағалаңыз. Қажет болған жағдайда,
келесі құймақ дайындауға қажетті құймақтың мөлшерін көбейтіңіз немесе азайтыңыз.
Қамырды жұмыс беті бойынша тегістей үйлестіру үшін қалақты пайдаланыңыз. Қамырды жұқалай
үйлестіру қажет.
45 секундтан кейін құймақты аударыңыз.
ЕСКЕРТУ: Дайындау уақыты шамалап көрсетілген. Ол қолданушының қалауына қарай өзгеруі мүмкін.
45 секундтан кейін құймақты жұмыс бетінен алып, тәрелкеге салыңыз.
Екінші жұмыс бетін қолданып, оладьи дайындауға болады. Қамыр жұмыс бетіне тереңінен құйылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Күйіп қалудың алдын алу үшін, суыған кезде ғана жұмыс беттерін ауыстыру керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазалар алдында құрылғыны электр желісінен ажыратып, оны толықтай суытып қойыңыз.
Жұмыс бетін алып, оны сумен жуыңыз немесе матамен сүртіңіз.
Негізін дымқыл матамен сүртіңіз. Қатты қалдықтарды жеңіл жуғыш сұйықтығына малынған матамен
сүртіңіз.
Қамырды үйлестіруге арналған қалақты жеңіл сабынды ерітіндімен жуыңыз. Осыдан кейін ағын сумен
шайыңыз және майлықпен құрғатып сүртіңіз.
САҚТАУ
Сақтар алдында, аспаптың электр желісін ажыратылып, суығанына көз жеткізіңіз.
САҚТАУ ЖӘНЕ КҮТІМ бөлімінің барлық талаптарын орындаңыз.
Қоректендіру бауын ораңыз.
Аспапты салқын құрғақ жерде сақтаңыз.
РЕЦЕПТТЕР
Рецептте көрсетілген ингредиенттердің мөлшері 12 құймақ немесе галет дайындауға арналған.
Құймақ дайындауға арналған негізгі рецепт
Жұмыртқа – 6 дана.
Сүт – 1 л
Ұн – 500 г
Өсімдік майы (май) – 3 ас қасық
Жұмыртқа мен сүтті араластырыңыз. Ұн мен майды қосып, жақсылап араластырыңыз. Қамырды 1 сағатқа
қалдырыңыз.
Галет дайындауға арналған негізгі рецепт
Галеттер – құймақтың бір түрі. Олар тұзбен немесе дәмдеуіштермен дайындалады.