IM019
www.scarlett.ru
SC-JE50S41
12
Әрдайым сұрыптау және тазалау алдында электр жүйесінен құрылғыны сөндіріп тастаңыз. Барлық
айналатын бөлімдер және қозғалтқыш толық тоқталуға тиіс.
Әрдайым жұмысты аяқтағаннан кейін құрылғыны міндетті түрде өшіріңіз.
Құралды өнімдермен асыра тиетпеңіз.
Шырын сыққыш аспапты 1 минуттан астам қосулы бос жүрісте қалдыруға болмайды.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде
2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ДАЙЫНДАУ
Аспап көкөніс, жеміс, асшөп, жидек сияқты жас өнімдерден шырын, сондай-ақ жеміс сорбетін
дайындау үшін қолданылады.
Аспаптың орауышын ашып, бұйым мен керек-жарақтардың бүлінбегенін тексеріңіз.
Азық-түлікке жанасатын жерлерін жақсылап жуыңыз да, құрғатыңыз.
Корпустың сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ҚҰРАСТЫРУ / БӨЛШЕКТЕУ
БӨЛШЕКТЕУ:
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Ұңғыны сағат тілінің бағытына қарсы, корпустағы «ашық» қалпына қарай бұрай отырып ағытып
алыңыз.
Турағыш тетікті сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ағытып алыңыз.
Сүзгіні шығарып алыңыз.
Содан кейін корпустың пластмасса бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы, корпустағы «ашық» қалпына
қарай бұрай отырып ағытып алыңыз.
ҚҰРАСТЫРУ:
Құрастырардың алдында қозғалтқыштың өшіріліп, электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Корпустың мөлдір пластмасса бөлігін корпустағы «жабық» қалпы пластмасса бөліктегі ақ шеңбер
түріндегі маркермен дәл келетіндей етіп корпусқа орнатыңыз.
Сүзгіні орнатыңыз.
Содан кейін турағыш тетікті сағат тілінің бағытында бұрай отырып орналастырыңыз.
Ақ шеңбер түріндегі таңба корпустағы «жабық» қалпымен сәйкес дәл келетіндей етіп ұңғыны
орнатыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Көкөністі / жеміс-жидекті жақсылап жуыңыз. Жемістің қатты қабығы мен сүйегін алып тастап, азық-
түлік салатын ұңғыға оңай өтетіндей шағын кесектерге тураңыз.
ЕСКЕРТУ:
Шырын сыққышты кокостың шырынын сығу үшін пайдалануға болмайды.
Шырын сыққышты төмендегілерден шырынын сығу үшін пайдалануға болады:
жемістерден: алма, апельсин, ананас, банан, құрма, авокадо, шабдалы, манго және т.с.с.
көкөністен: қатты көкөніс (сәбіз, қызылша, орамжапырақ, картоп, батат, топинамбур), жұмсақ көкөніс
(қияр, тәтті бұрыш, пияз, сарымсақ) және т.с.с.
жидектен: құлпынай, таңқурай, дәні бар анар, сүйегі бар және сүйексіз жүзім, қарақат, қарлыған,
қаражидек және т.с.с.
түрлі шөп пен тамырдан: балдыркөк, ақжелкен, аскөк, алоэ, зімбір және т.с.с.
бұршақ тектестер мен жаңғақтардан: соя және жаңғақтар.
Жұмысты бастар алдында ұңғының мықтап орныққанына көз жеткізіңіз.
Шырынсыққышты электр желісіне жалғаңыз.
Шырын ағатын шүмектің астына шырынға арналған ыдысты, ал жом түсетін шүмектің астына жомға
арналған ыдысты қойыңыз.
Шырын сыққышты тоққа өосу үшін ON/O/R қосқышын ON қалпына ауыстырыңыз.
Дайындалған көкөністі / жеміс-жидекті итергішпен үстінен сәл басыңқырай отырып салыңыз.
МҰНЫ ЕШҚАШАН ДА САУСАҚПЕН НЕМЕСЕ БӨГДЕ ЗАТТАРМЕН ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ.
Азық-түлікті тек қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда ғана салыңыз.
Өшіру үшін O қалпына ауыстырыңыз.
Шырын сыққыштың шүмегінде «бітеуіш» бар, ол тек жұмыс аяқталғаннан кейін шырынның
жылыстауына жол бермейтін «антитамшы» ғана емес, сонымен қатар жеміс ұлпасын реттегіш те
болып табылады.
Егер шырынды бітеуіш ашық тұрғанда сықса, шырында жеміс түйіршіктері мен ұлпасы болады. Егер
жұмыс барысында бітеуіш жабық тұрса, онда шырын сыққыш шырынға арналған ұясы жабық күйде
жұмыс істеген уақытқа қарай, шырынның тазалығы өзгеретін болады.
Шырын сыққыш бітеуіші жабық күйде неғұрлым ұзағырақ жұмыс істесе, шығатын шырын солғұрлым
таза болады.
Содержание SC-JE50S41
Страница 7: ...IM019 www scarlett ru SC JE50S41 7 a ON O R ON O R...
Страница 8: ...IM019 www scarlett ru SC JE50S41 8 2 5 Soft Press UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 i...
Страница 9: ...IM019 www scarlett ru SC JE50S41 9 7 7 1 0 C 2...
Страница 10: ...IM019 www scarlett ru SC JE50S41 10 ON O R ON O R 2 5 Soft Press...
Страница 11: ...IM019 www scarlett ru SC JE50S41 11 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 7 7...
Страница 12: ...IM019 www scarlett ru SC JE50S41 12 1 0 C 2 ON O R ON O...