IM017
19
SC-BM40003
Нанды шамалы уақыт қалдыра тұрыңыз.
Қақпақты ашардан бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Шараны ұстағыштың немесе қолғаптың көмегімен алып шығарыңыз.
Шараны төңкеріңіз де, ептеп сілкіңіз. Егер нан сырғып түспесе, оны шарадан алу үшін ағаш немесе пластмасса
қалақшаны қолдануға болады. Шараның беткі қабатына сызат түсіруі мүмкін металл заттарды пайдаланбаңыз.
Нанды 30 минут суытып қойыңыз, содан кейін оны турауға болады.
ЕСКЕРТУ: Қамыр илейтін қалақшаның нанда қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Егер олай болса, оны наннан
ақырындап суырып алыңыз. Қалақшаның беткі қабатына сызат түсіруі мүмкін металл заттарды
пайдаланбаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Пешті мезгіл-мезгіл тазалап, беткі қабатынан тағамның кез келген қалдығын кетіріп отыру керек.
Тазалар алдында пешті өшіріп, электр желісінен ажыратыңыз.
Пештің әбден сууына мүмкіндік беріңіз.
Басқару панелін, ішкі және сыртқы беткі қабаттарын, алмалы шараны жуғыш зат қосылған дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
Жеміргіш заттарды немесе түрпілі материалдарды қолданбаңыз.
САҚТАЛУЫ
Пештің электр желісінен ажыратылып, әбден суығанына көз жеткізіңіз.
“ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ” тарауының барлық талаптарын орындаңыз.
Пешті қақпағы сәл ашық күйде, құрғақ таза жерде сақтаңыз.
АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҮЗЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
Сервис орталығына хабарласпас бұрын төменде келтірілген кестемен танысып шығуыңызды өтінеміз.
Нан көтерілмейді
Сіздің ұныңыздағы дән маңызы жарамсыз немесе сіз наубайханалық ұнды пайдаланбайсыз. (Дән
маңызының сапасы ұнның температурасына, ылғалдылығына, сақталу жағдайларына және астық
жиналған уақытқа байланысты өзгеріп отыруы болуы мүмкін)
Ұнның басқа түрін, басқа өндірушінің ұнын пайдаланып көріңіз.
Қамыр тым қатты болып кеткен, себебі сіз сұйықтықты аз қосқансыз.
Құрамында ақуыз мөлшері көп наубайханалық ұн басқаларына қарағанда суды көбірек сіңіреді, сондықтан
қосымша тағы 10-20 мл су қосып байқаңыз.
Сіз жарамсыз ашытқыны пайдаланасыз.
«Жылдам әрекет ететін ашытқы» деген жазуы бар қапшықтарға салынған құрғақ ашытқыны
пайдаланыңыз. Бұл ашытқыны алдын ала ашытудың қажеті жоқ.
Сіз ашытқыны аз салғансыз немесе ашытқыңыз ескіріп кеткен.
Пешке қоса жеткізілетін өлшер қасықты пайдаланыңыз. Ашытқының жарамдылық мерзімін тексеріңіз. (Оны
тоңазытқышта сақтаңыз)
Ашытқыға қамыр илер алдында сұйықтық құйылып кеткен.
Құрамдас өнімдерді нұсқаулыққа сәйкес дұрыс ретпен салғаныңызды тексеріңіз.
Сіз тұзды тым көп салғансыз немесе қантты жеткіліксіз салғансыз.
Рецепті тексеріңіз және пешке қоса жеткізілетін өлшер қасықтың көмегімен мөлшерін дұрыс өлшеңіз.
Тұз бен қанттың басқа құрамдас өнімдерде жоқ екенін тексеріңіз.
Нан тым қопсыған
Сіз ашытқының шектен тыс мөлшерін пайдаланғансыз.
Рецепті тексеріңіз және пешке қоса жеткізілетін өлшер қасықтың көмегімен мөлшерін дұрыс өлшеңіз.
Сіз сұйықтықты тым көп мөлшерде қосқансыз.
Ұнның кейбір түрлері басқаларына қарағанда суды көбірек сіңіреді, сондықтан судың мөлшерін 10-20 мл
азайтып байқаңыз.
Нан көтерілгеннен кейін қайта
басылып қалды
Сіздегі ұнның сапасы қанағаттанарлық емес.
Басқа өндірушінің ұнын пайдаланып көріңіз.
Сіз сұйықтықты тым көп мөлшерде пайдаланғансыз.
Судың мөлшерін 10-20 мл-ге азайтып көріңіз.
Нан тым қатты көтеріліп кетті
Сіз ашытқының/судың шектен тыс мөлшерін пайдаланасыз.
Рецепті тексеріңіз және пешке қоса жеткізілетін өлшер қасықтың (ашытқы)/шыныаяқтың (су) көмегімен
мөлшерін дұрыс өлшеңіз.
Судың артық мөлшерінің басқа құрамдас өнімдерден келмейтінін тексеріңіз.
Сіздегі ұн жеткіліксіз.
Ұнды таразының көмегімен мұқият өлшеңіз.
Нан боп-боз әрі желімтек болып
шықты
Сіз ашытқыны жеткіліксіз мөлшерде пайдаланасыз немесе ашытқыңыз ескіріп кеткен.
Пешке қоса жеткізілетін өлшер қасықты пайдаланыңыз. Ашытқының жарамдылық мерзімін тексеріңіз. (Оны
тоңазытқышта сақтаңыз)
Электр қуатымен жабдықтауда іркіліс болды немесе машина нан пісіру кезінде тоқтатылды. (15 минуттан
астам)
Машина он минуттан артық уақытқа тоқтатылса, тоқтан ажыратылады. Нанды қалыптан алып, циклды
жаңа құралас өнімдермен қайтадан бастау керек.
Нанның үстінде ұн қалып қойған
Сіз ұнды тым көп мөлшерде пайдаланғансыз немесе сұйықтық аз.
Рецепті тексеріңіз және пешке қоса жеткізілетін таразының көмегімен ұнды немесе өлшер шыныаяқтың
көмегімен суды дұрыс өлшеңіз.
Қамыр нашар араласқан
Нан пісіретін қалыпқа қамыр илейтін қалақшаны салмағансыз.
Құрамдас өнімдерді салмай тұрып, қалақшаның орнатылғанын тексеріңіз.
Электр қуатымен жабдықтауда іркіліс болды немесе машина нан пісіру кезінде тоқтатылды (15 минуттан
астам).
Машина 15 минуттан артық уақытқа тоқтатылса, тоқтан ажыратылады.
Бәлкім, нан пісіру циклын қайтадан бастауға тура келуі мүмкін, алайда, егер илеу үдерісі басталып қойған
болса, мұның нәтижесі жақсы болмай шығуы мүмкін. Жаңа азық-түлікті салыңыз
Бағдарлама басталғаннан кейін
экранда HHH жазуы пайда болды
Бұл пештің ішіндегі температура тым жоғары дегенді білдіреді. Қақпағын ашып, аспапты суығанша қоя тұру
керек/
Бағдарлама басталғаннан кейін Бұл пештің ішіндегі температура тым төмен дегенді білдіреді. Аспапты жылырақ бөлмеге ауыстырып қою