IM017
16
SC-BM40003
KZ
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар. Мұқият оқып шығыңыз да, болашақта қарау үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаса, бұл оның бұзылуына әкелуі және пайдаланушыға зиян келтіруі мүмкін.
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамаларының электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қуат сымының ашасында жерге тұйықтау сымы мен түйіспесі бар. Аспапты тек жерге
тұйықталған тиісті розеткаларға қосыңыз
Аспапты осы Пайдалану нұсқаулығына сәйкес тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану керек. Құрылғы
өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, электр желісінен әрқашан ажыратып
қойыңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса
немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік берген
сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкер іске асыруға тиіс.
Аспапты және қорек сымын суға немесе басқа сұйық заттарға матырмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса,
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз да, оны қайтадан пайдаланбас бұрын аспаптың жұмысы мен
қауіпсіздігін білікті мамандарға тексертіп алыңыз.
Қорек сымының өткір жиектер мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек сымынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғыны айналдырып орамаңыз.
Нан пісіретін пешті тек тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз немесе басқа
заттарды кептірмеңіз.
Нан пісіретін пештің іші бос болғанда оны тоққа қоспаңыз. Камераны оның ішіне қандай да бір нәрсе сақтау
үшін пайдаланбаңыз.
Пеш азық-түлікті консервілеуге арналмаған.
Азық-түлікті камераның табанына тікелей қоймаңыз, ол үшін алмалы шараны қолданыңыз.
Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
Пештің қысқа тұйықталуын және бұзылуын болдырмас үшін желдеткіш саңылаулардың ішіне су ағуына жол
бермеңіз.
Нан пісіретін пешті таза күйінде дұрыс күтіп ұстамау оның беткі қабатының тозуына әкелуі мүмкін, ал бұл
аспаптың жұмысына қолайсыз әсер етіп, пайдаланушыға ықтимал қатер төндіруі мүмкін.
Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен шекті қуатының нан пісіретін пештің қуатына сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді! Пеш жұмыс істеп тұрғанда, оны ұстау қажет болса,
ас үйге арналған қолғап киіңіз немесе ұстағышты пайдаланыңыз.
Аспапты пайдаланған кезде қамыр илейтін қалақшаға тиіп кетуден сақтаныңыз, әйтпесе жарақат алу қатері
бар!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Наубайхана жұмыс істеп тұрған кезде қақпағын ашпаңыз және нан пісіруге арналған
қалыпты
алмаңыз.
Қақпағын тек бипілдектің белгісі бойынша, қамырға қажетті өнімдерді қосу үшін ғана ашуға болады .
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге немесе қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға әрекет жасамаңыз. Ақаулық
анықталған жағдайда жақын жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне
түбегейлі әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрастырылымына енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Нан пісіретін пеш нан пісіруге арналған автоматты режиммен жарақталған.
Сіз нан, тосап немесе қамыр пісірудің 12 түрлі бағдарламасының бірін таңдай аласыз.
Нан пісіруге арналған дайын қоспаларды пайдалануға болады.
Нан пісіретін пеште тосап пен ботқа пісіруге болады.
Кеспе мен басқа да тағамдарды дайындауға арналған қамыр илеуге болады.
ОРНАТУ
Нан пісіретін пештің ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: